Максим Кантор картиналары сөйлейді

Бөлісу:

08.11.2024 612

«НАS SANAT» өнер галереясында осы күндері ресейде туып өскен жазушы һәм публицист суретші Максим Кантор картиналарының көрмесі өтіп жатыр. Желтоқсанның тоғызына дейін, бір жарым айға созылатын бұл көрмеге суретшінің бірқатар картинасы әкеліп қойылған.

«Тек суретші ғана емес, график салушы ретінде де жұмыс істейтін Максим Кантордың осы бағытта салған адамдардың портреттері мен пейзаждарында жиі көрсетілетін көркем «каллиграфиялық қолтаңбасын» айқын тануға болады», - дейді «НАS SANAT» ұжымының қызметкерлері. Бұдан басқа, адамдардың мінез-құлқын, психоэмоционалдық жағдайын автор тек кенептерде ғана емес, әдеби және публицистикалық шығармаларда да жазып жеткізуге қабілетті екенін қосымша айта кетсек дейміз. Бір қызығы, Максим батыс жұртының, еуропа мәдениетімен сусындаған болса да, Шығыс философиясына көп ден қояды, көп зерттеуді өзінің хоббиі ретінде санайды. Оның өмірбаяндық мәліметтеріне қарап отырсақ, Максим Кантор бірнеше графикалық циклдардың, сондай-ақ көптеген картиналардың авторы болған екен. 80-ші жылдардан бастап, Берлин мен Миланда таныла бастаған суретші үнемі еуропалық көрмелердің қатысушысы болған, ал 1988 жылдан бастап жеке көрмелерін ұйымдастыра бастапты. Максим Кантордың жұмыстары Ресей Мемлекеттік Третьяков галереясында, А.С.Пушкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұражайында, Санкт-Петербург Мемлекеттік Орыс мұражайында, Новосібір Мемлекеттік көркемсурет мұражайында, Тольятти көркемсурет мұражайында (Тольятти РФ), Британ мұражайында (Ұлыбритания), Бохум қаласындағы мұражайда (Германия), Берлин Ұлттық галереясында, Брауншвейг қаласындағы герцог Антон Ульрих мұражайында (Германия), Кёльн қаласындағы Людвиг мұражайында (Германия), Шпренгель мұражайында, Майами қаласындағы Басс өнер мұражайында (АҚШ), Канберра мұражайы мен көркемсурет галереясында (Оңтүстік Австралия), Гданьск қаласындағы Ұлттық мұражайында (Польша), Кунстхалле Эмден (Анри және эске Наннен қоры және Отто ван де Лоо қайырымдылық) және әлемнің басқа да мұражайларында, сондай-ақ әртүрлі елдердің жеке коллекцияларынан көре аласыз дейді, және суретшінің жұмыстары бірнеше ғибадатханаларда: Брюссель соборында, Париждегі Сен-Мерри шіркеуінде және Ватикандағы Әулие Фома Аквинский атындағы Понтифик ғылым академиясында орналасқанын айтады.

Картиналарын, әсіресе адам портреттерін ақ, қара сызбалармен ғана кескіндеуінен біз өзімізше ой түйдік. Қартайған, қалжыраған, қажыған ішімдікке салынған, үмітсіз адамдардың бейнелері, ресей қоғамының құлдырап, құрдымға кетіп бара жатқан бейнесінің бейсаналы портреті емес пе деп авторға сұрақ қойғанымызда, автор: «Мен сізге сұрақты былай қойыңыз дер едім. Неге жас адамдарды осыншама қартайтып, сүреңсіз етіп саласыз?» - деп сұрамайсыз дейді. Өмірден таяқ жеген, сынған адамдардың арғы жағынан жастық от пен бірге үлкен үмітті неге көрмейсің дегендей автор сұраулы көзімен қарады. Бірақ, біз келісе алмадық. Қалғанын ойлы оқырман көшірмесін осы жерден, түп нұсқасын «НАS SANAT» өнер галереясына барып тамашалап, өз бағасын бере жатар.

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар