Эпиграмма. Мұхтар Шахановқа
Бөлісу:
28.04.2015
2684
КПСС кезінде біздің Мұхаң сең бұзды,
ЦК-ңыздың төрінде сөзін айтты ең ізгі.
Тәуелсіздік алған соң, тілдің жайын көп қаузап,
«ТЖ» дейтін, Құдай-ау, «жаңа теңеу» енгізді.
Дағдарыс па кінәлі, жанбағыс па кінәлі?
(Болашақта ел болып анықтаймыз мұны әлі!)
«ТЖ» дейтін теңеудің ар жағында жылмиып –
Төпілиді жалайтын жағымпаз қу тұрады.
ҚТ таңды атырған, ДТ күнді батырған,
(Тілі қысқа болған соң қозғап сөйлер жатырдан)
Ақша құсап тілді де ұстап қалу әдісін
Білмесеңдер, біліңдер, біздің ОҚО қатырған!
Тарылғанда Ана тілдің тынысы,
Шытынайды саясаттың шынысы.
Ашып айтпай, теңеулерін шолтитып,
Бір түрлі екен Шахановтың мұнысы!
Өлеңін жазған Қанат Ескендір.
Әзіл суретті салған Еркін Нұразхан.
Бөлісу: