Бауыржан Сегізбаев: ХАЛ "ХАРАМ" БОЛМАЙДЫ, "ХАРАП" БОЛАДЫ.
Бөлісу:
Мұны неге жазып отырмыз? Кейбір әдебиетшілердің өзі Міржақыптың өлеңінен үзінді келтіргенде де, басқа жағдайларда да осы сөзді қолданғанда "харап" сөзін "харам" сөзімен шатастырып алады.
Үшінші тармақтағы сөзге мән беріңіз. Бұл жерде "хал нашарлады" деген мағынада.
Бұл сөз Абайдың "Отыз бесінші сөзінде" де бар. Онда: "Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен бірге қылған өнерлерің де бітті", - дейді. Яғни, мұнда "жойылған" деген ойды білдіріп тұр. Ескі кітаптарда да "қарап болды" - "қирады" деген мағынада.
Бұдан бөлек, "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін" ("Дайк-Пресс", Алматы, 2008) ашып оқыңыз. 885-бетінде: "Харап: харап болды (етті, қылды) - жойылды, құрыды, быт-шыты шықты", - деп жазылып тұр. Ешқандай "харам" деген сөз жоқ.
Бөлісу: