Заңнама мәтіндерін біріздендіру қолға алынбақ

Бөлісу:

04.10.2016 4528


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылғы 4 қазанда Астана қаласында «Заңнама мәтіндері: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдерді біріздендіру мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.


сот.jpg


Семинарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратының Редакциялық-баспа, Редакциялау және аударма бөлімінің мамандары заңнама мәтіндерінің сапасын арттыру, заңнама мәтіндеріндегі терминдерді біріздендірудің өзекті мәселелерін талқылайды.


Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарды жүргізуге жауапты мамандары қатысады.


Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887

Бөлісу:

Көп оқылғандар