Фанатизм тек "сауатсыздық" деген ортада "гүлденеді"

Бөлісу:

10.10.2016 3689


дулат.jpg

"Таңдану мен табыну ешқашан абстракциялы ұғым болып көрген емес, өйткені бұл екеуі тек жеке адамның ой-өрісі мен парасат деңгейіне тікелей байланысты. Ал жеке адамның өзі де, ой-парасаты да әрқашан нақтылы. Айталық, Теккерей, Гюго, Франс, Шиллер (прозалық шығармалары), Скотт т.б. дүниеге белгілі жазушылардың шығармаларына өз басым ешқашан таңқалған да табынған да емеспін. Осылай дегенім үшін бәлкім маған кейбіреулер тіл тигізер, қайдан шыққан данышпансың, өзің не бітірдің т.т. деген сияқты толып жатқан кінәлаушы сұрақтар қояр. Демек, олар табынушылар. Таңданушыны өз пікірін қайтаруға немесе сүйіспеншілігін бәсеңдетуге болғанмен табынушыны бетінен қайтару қиын. Ол қульт пен фанатизмге ұқсас. Фанатизм мен парасат қатар өмір сүруі мүмкін емес, өйткені олар бір-біріне жау ұғымдар. Фанатизм тек "сауатсыздық" деген ортада "гүлденер" болса, парасат білімді ортада өніп-өседі. Демек, адам неғұрлым көп білген сайын өзінің бұрынғы таңданып, табынып келген нәрселеріне қайта баға бергіш болады. Жоғарыдағы жазушыларға табынбайтыным, тіпті, таңданбайтыным - әйтеуір осылайша біреу-міреу жаза алатын болғандықтан, мұндай шығармалар адам творчествосының потенциалды мүмкіндігі шеңберінің ішінде жатқандығынан. Керісінше, он сегінші ғасырдағы көпке белгісіз П. Борель (жиырма үш жасында қайтыс болған) шығармаларындағы философиялық консепциялар мені көбірек қызықтырады, тіпті,оның ешкім ойламаған жақтан келуі, адамдар тіршілігіне төңкеріс енгізбек болған өзіндік ойы таңдандырады. Немесе, орыстың қазіргі жазушысы Д. Гранин "Таңғажайып бұл өмір" (басқаларына таңқалмаймын) аяғын жерден биік көтерген, біреу жазса, біреу жаза алмайтын тақырып, орындалуы өте қиын. Шукшин, Распутин, Астафьев секілді қазіргі шулы авторлар да көңіл аударуға тұрғанмен, адамзат ойына ой қосқан жоқ. Керісінше, қай-қайдағы бір Р.Вайан маған көп әсер етеді. Өйткені, ең құрығанда ол өзі жайлы да әрі батыл, әрі өткір сын айта алады. Ал, қазақ әдебиетіне, оның енді қалыптасып келе жатқан көркем ойлау мен көркем прозасының профессионалдық дәрежесіне, оның өкілдеріне баға берер болсақ..."


Дулат Исабековтың «Қарғын» романындағы

 басты кейіпкер Жасын Мәдиевтің күнделігінен




Бөлісу:

Көп оқылғандар