Ақжан Машани туралы 10 дерек

Бөлісу:

25.11.2016 4666

Ақжан.jpg




1. Ақжан Машанидің арғы атасы текті болған. Ол Құнанбаймен үзеңгілес, қатар жүрген Машан бидің немересі.


2. Ақшан Машани атақты Әл-Фарабиді ғылыми айналымға түсіріп, қазақ халқымен қауыштырды.


3. Ол – қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының негізін қалаушы.


4. Ақжан Машани Құран-Кәрімдегі әбжәд есебін тәпсірлеуші ғалым болған. (Қазір оның ізін жалғастырушы шәкірттері бар).


5. Ол – Алаш автономиясының өкілі, «Абай», «Ұшқын» сияқты басылымдарға тұрақты түрде публицистика жазып отырған Мәннән Тұрғынбайұлының шәкірті.


6. Ақжан Машани XX ғасырдың ортасында жазылған өзінің еңбектерінде Орта Азиядағы бүгінгі діни-экстремистік ахуал туралы болжам жасап, дәл айтып кеткен.


7. Ол – ҚР ҰҒА-ның құрылтайшысының бірі;


8. Ол – құдайға құлшылық жасауға қарсы шыққан кеңес үкіметі тұсында ешкімнен тайсалмай, мешітке намаз оқуға барып отырған.


9. Ақжан Машани Қаныш Сәтбаев сияқты тұлғалармен қатар аталуға тиісті, бірнеше кен орындарын ашқан инженер-геолог болып табылады.


10. Ол – өзінің «Әл-Фараби және Абай» атты монографиясында ғылымның ашпаған жаңалықтары діни кітаптарда жатқанын дәлелдеді.




Бағлан Оразалы

Бөлісу:

Көп оқылғандар