«Салалық аударма және құжаттар тілі» курсы өтеді

Бөлісу:

15.09.2017 4633

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы түрлі салалардағы аудармашы мамандарға арналған 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курстың тақырыбы: Салалық аударма және құжаттар тілі

Курста аударма ісі бойынша мынадай мәселелер талқыланады:

  • қазіргі таңдағы салалық аудармаларды сауатты аудару;
  • аударма жасаудың тиімді жолдары;
  • аударманың баламалығы;
  • салалық аудармада терминдердің бірізділігін сақтау

мәселесі;

  • іс қағаздарды жүргізуде тілдік норманы сақтауды қалыптастыру, құжаттар дайындауда нормативтік талаптарға сай дұрыс жазу ережесін сақтауға дағдыландыру.

Курсқа қатысып аударма саласы бойынша, іс жүргізудегі біліктілігіңізді арттырыңыз!

Курстың ұйымдастырылуына (өткізілу форматына, лекторға) байланысты талап-тілектеріңіз болса, tilortalyk@mail.ru электрондық мекенжайына хат жолдауыңызға болады.

Курсты тәжірибелі сала мамандары, ғалымдар жүргізеді.

Курс – ақылы.

Өткізілетін уақыты: 25-27 қазан

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыздар:

+7 (7172) 40 83 67,

+7 707 518 10 18,

+7 747 501 31 91

Бөлісу:

Көп оқылғандар