«Қиырдағы қазақтар» Моңғолиядан бастау алды
Бөлісу:
Кеше Астанадағы «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында Моңғолиядағы қандастарымыздың тыныс-тіршілігіне арналған «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсауы кесілді.
Бұл туралы 2017 жылдың маусым айында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, алыс-жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өмір-тарихынан сыр шертетін «Қиырдағы қазақтар» атты деректі фильм түсірілетінін мәлімделген болатын.
Жобаның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне және жаңаша тұрғыда қарауға, шетелдегі қазақтардың өмірін шынайы көрсетуге мүмкіндік беру.
“Жарты жылдан астам уақытта әлемнің әр түкпіріне тарыдай шашылған қазақтардың, атап айтқанда, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия елдеріне жол жүрдік, тау астық, қыр астық, кейбір нәрсені жоғалтып көптеген нәрсеге қол жеткіздік, қандастарымыздың тыныс-тіршілігемен таныстық...” - дейді National Digital History интернет-жобасының жетекшісі Олжас Беркінбаев.
«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің түсірілуіне Аймақтық менеджмент академиясының профессоры, білім саласын дамыту жөніндегі сарапшы, филантроп әрі кәсіпкер Оралбек Ботбай демеушілік жасаған.
“Баршаңызға мәлім, әлем бойынша шет мемлекеттерде жүрген қандастарды елге жинауға атсалысып жүрген үш ел: Германия, Израиль және Қазақстан бар дей келе, егемендік алғаннан бері елімізге 1 миллионға жуық қандасымыз елге оралды және бұл жоба еліміздің қолға алған маңызды шараларының бірі” – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
https://www.youtube.com/embed/WSBZ7G7bhpQ
Аталған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ жетекшілері, ғалымдар мен тарихшылар және журналистер қатысты.
Алдағы уақытта фильмнің түсірілу жұмыстары Түрікменстан, Ауғанстан елдерінде жалғасын таппақ.
Бөлісу: