Сергей Есенин. Ұлы жорық туралы жыр
Бөлісу:
С.Есениннің «Ұлы жорық туралы жыры» 1924 жылы жазылды. Азамат соғысы жылдарындағы қайғылы оқиғаларға, жұмысшылар мен шаруалардың орынды кек алуына арналды. Поэманы орыс оқырманы әртүрлі қабылдады. Басылып, жарыққа шығуы да оңай болған жоқ. Ақынның жүйкесіне тиді. Көзіқарақтылар шығарманы Есенин жақсы білген «Игорь жасағы туралы жырға» ұқсатты.
Поэманы мен де онша қиналмай, бір демде аударып шықтым. Мен толық нұсқасынан аударғанмын. Орыс тіліндегі нұсқада қалып қойған жерлері бар екенін ескерткім келеді.
Әбжан ӘБІЛТАЙ
Уай сендер,
Әрлі-берлі шұбырған!
Тарақандар,
Пеш түбіне тығылған!
Ел емес ез,
Тозған томар түбінен,
Қайран Русь
Жуынбаған бұрыннан!
Ал тыңдаңдар,
Бір әңгіме айтайын,
Бір әңгіме айтайын
Қызыл тілден май тамып.
Біріншісі – бұрыннан
Не болғаны жайында.
Екіншісі – дәл қазір
Не боп жатыр,
Пайымда.
Бір сен үшін мен, Русь,
Соның бәрін жыр еттім.
Мен өйткені ұл едім
Әділ әрі жүректі.
Аңызыңның қандайын
Айтуға мен машықпын.
Тісің қайрап, қанеки,
Қайсың мені жасыттың?!
х х х
Әлқисса, бұл жай
Ипатьевтегі.
Петрдың кезі,
Патшасы-бегі.
Сөйледі сонда
Соғылған дьяк:
«Сірә, осы біздің
Патшамыз ақымақ.
Арқа еті арша,
Борбайы борша.
Немісше салар
Қаланы сонша
Құны бар қанша?!
Бірі айдауда,
Бірі байлауда.
Кірісті елдің
Тілін байлауға.
О, Русь, айтшы
Осы ма күткенің?
Сақалын күзесе
Князь біткеннің?
Тағдырға қалай
Мойынсұнбасқа, –
Қолынан келсе,
Қонышынан басса?»
х х х
Естиді мұны
Сал жігіт сарбаз.
Шашынан алып
Сабайды сабаз.
«Жорғала кәне,
Жаның барында.
Патшаға апарам.
Не бар ойыңда?
Мойында, қане,
Қайт райыңнан!
Қайт райыңнан!
Әй, құдай ұрған!»
х х х
Тверь мен Жемнің
Иінін бойлап,
Қоңыраулатып
Келеді бейбақ.
Төртінші күні
Болдырған дьяк
Патша ауласына
Тіреді тұяқ.
Патшаның көзі
Сарбазды шалды.
Шоқпарын бұлғап
Шақырып алды.
Сұрады сосын
Әскерден:
«Бері кел!
Шабарманбысың
Мәскеуден келген?»
«Шабарман емеспін,
Қорғаған шебің,
Алдияр, адал
Құлыңмын сенің.
Әкелдім саған
Бүлікшіл-итті,
Жұмыстан қары
Талмаған тіпті.
Кабакта отырған
Жар салып елге,
Түп-тұқияныңды
Таптады жерге».
«Әп, бәлем, сені
Бит басқан бұрым!» –
Дьяктың көрсең
Сондағы түрін!
Тоқпақтай қолы
Төбеге құлап,
Тіл тартпай кетті
Қап, байғұс дьяк.
... Қорасында бар
Қағылған қазық.
Қазыққа отырғызады
Жаңылсаң, жазып.
Болсын де басым аман,
Бұл тек басы ғана!
х х х
Ой, сойқан біздің
Алексеич Петр.
Бір өзі – патша,
Бір өзі – батыр.
Сыра ішсе, ішеді
Шелегіменен.
Ал шылым шексе,
Шегеді, бәлем!
Киген киімі
Немістен бәрі,
Жүреді соның
Шинеліменен.
Сөйлейді сонда
Алексеич Петр:
«Бері кел, мұнда,
Лефорт батыр.
Шеберсің мықты.
Амстердамда
Болдың сен тіпті.
Осыңнан танба.
Патша да саған
Қолбала болды.
Балтаға үйренді,
Айдадың – көнді.
Тарт енді тағы
Амстердамға.
Петрдан сәлем
Айта бар онда.
Қолы бос емес,
Борышы көп те.
Борышы көп те,
Артпасын өкпе.
Русім үшін
Бәрін де тартам.
Ажал да жақын,
Өлуге қорқам.
Өлуге қорқам,
Өмірге де ырза...
Питерді кімге
Қыламын олжа?
Тұманда мынау,
Батпақта, налып,
Түсіме енеді
Түнерген халық.
Тұншыққан тастың
Астында қалып,
Дауыстар маған
Естілер талып.
Алғандай тіпті
Анталап, жар сап,
Сүлделер бүкіл
Қаланы қоршап.
Зарлайды келіп,
Құзырыңды қозғап.
Қалардай сөніп
Тұрған от маздап.
Айтары сонда:
«Біз – бәріне ие!
Сені ме, Петр,
Өліп көр, бәлем!
Түсерсің қолға
Баласы иттің!
Теріңді сыпырып,
Тірідей үйткім
Келеді сені.
Министрлермен
Ауыз жаласып,
Білгеніңді істеп ең.
Сен солар үшін
Қанымызға біздің
Қанымызға біздің
Қала тұрғыздың.
Бірақ та мұны
Әрбір үй ұқсын, –
Келеміз әлі,
Келеміз, күтсін.
Бұл біздің қала,
Саған обалы.
Тұрады мұнда
Тек еңбек адамы».
Осыны айтып
Патша тыншыды.
Өн бойы түгел
Терге малшынды.
х х х
Уай, жамағат,
Құлақ сал сөзіме,
Сөзім қандай-ды!
Сендерді аптап та,
Аяз да алмайды!
Адамның тілі бұл
Құстыкі емес қой,
Боза да болса,
Бірдеңе берсеңші
Жібітер таңдайды!
х х х
Зеңбіректер зіркілдеп,
Қоңыраулар күңіренді.
Білесіңдер, әрине,
Неге екенін бұл енді.
Дестелене үйіліп,
Питер-градтың бар гүлі,
Жерледі енді Петрды
Жылап-сықтап барлығы.
Шын жыласа біреулер,
Жаназада қайғырып,
Көлгірсіді көз сулап,
Қу мен сұмның қайбірі.
... Сол күннен жыл санасам,
Екі жүзге теңесед.
Келіп жатқан
Ақымақ
Патшаларда жоқ есеп.
Сол екі жүз жыл бойы
Жер астынан жетті зар:
«Біз келеміз, келеміз,
Сазайыңды береміз,
Күн туады шеп бұзар!
Біз келеміз, келеміз,
Келмейді екен демеңіз.
Дворянның барлығын
Жер үстінен сыпырып,
Баған басы – бір шонжар,
Асып кете береміз!»
х х х
Екі жүз жыл өткенде,
Қарлы қазан жеткенде,
Нева тулап, толқыды,
Шымырлады, көлкіді.
Ерте тұрып, қараса ел,
Қарайтындай бар әсер:
Бағандардың басында
Шонжарлар тұр асылған!
Зеңбіректер зіркілдеп,
Оқ орғиды басыңнан.
Жаса, Питер-град!
Жаса, халық ашынған!
Қақыратып қаланы,
Теңізден де оқ борап,
Үрей билеп барады
Тұлабойды ноқталап.
Сол күндерге аялдап,
Әмірімен жүректің
Көргенімді баяндап,
Білгенімше жыр еттім.
х х х
Ал сілкін, жаным,
Сөйткен жөн өстіп!
Билік біздікі,
Билік кеңестік!
Кеше ЧЕКА-да
Бір офицерді,
Байғұс жазғанды
Атып жіберді.
Не Троцкийге,
Не Ленинге
Ол жақтас емес.
Жақтас Дон казагы
Калединге.
«Яблочкоға» басты
Матрос қызба:
«Соғамыз әлі
Тұмсықтан сізді!»
х х х
Ал Яворда,
Украйндағы
Бір хабарды естіп
Шаруа уайымдады.
Билік кеңестік,
Сол – таңдағаны.
Әскер келеді
Соны талқандағалы.
Таптық қыжыл бар
Шаруаға-құлға.
Врангель де осында,
Деникин де мұнда.
Жіберді әскер
Қасқырдай қоршап.
Сібірден сілтеп
Адмирал Колчак.
х х х
Ай, байғұс бала-ай,
Буыны қатпаған!
Шаруаларым-ай,
Бұғынып жатпаған!
Сатылмайсың сен
Болып жандәрмен.
Құр қол кеттің-ау
Партизандармен.
Қызыл Армия
Қып-қызыл қырғын.
Әке мен бала
Беттесуі мүмкін.
Жан берер жердің
Пұшпағын құшып,
Төгілген тері,
Қор болмай күші.
Арпа мен бидай
Нәр болмай жанға,
Зар болмай түбі
Бір үзім нанға.
х х х
Ал енді бұған
Қалай налымассың?
Донда енді бүгін
Әнді танымассың:
«Күтеді бізді
Кенен істер кіл.
Балыққа жем қыл
Коммунистерді».
Ал бізде былай:
«Қашсаң – бұқпассың.
«Чекаға түссең,
Қайтып шықпассың».
х х х
Питерді гулеп,
Қаңқу қалған ба.
Қусаң, қалмайды
Қырсық шалғанда.
Ешкім білмейді
Қаңқу қай жақтан:
«Қалғыма, халайық,
Ұйқыңды аш, ал сақтан!»
Әскерін Питерге
Юденич тұр таяп.
Қамсыз отырсаң
Қалмайды сені аяп.
Анда да құлап,
Мында да сұлап
Жатыр ел байғұс.
Аһ, Питер-град!
х х х
Жығылған жанға
Жұдырық, бәлем!
Не деді сонда
Зиновьев деген?
Нөсерлетті кеп
Үш күн қатардан.
Күздік бар астық
Түгел оталған.
Бүкіл егіннен
Бір түп шықпады-ау!
Бұл деген бүйірге
Пышақ сұққаны-ау!
Зиновьев сонда
Әріден қарпып:
«Бауырлар, бұдан да
Өлгенің артық.
Бергенше Питерді,
Алғанша тартып.
Қаласың қайта
Құлдықта малтып».
х х х
Көгілдір Доннан
Тұзағын құрып,
Бір қорқау қасқыр
Қояды ұлып.
Корнилов артып
Казакка міндет,
Қорқау біткенді
Қояды үндеп:
«Партизандарды
Шекеден соғып,
Шиедей оқпен
Шиедей қыл!» – деп.
Мен білсем, бұл сәт
Бізге қолайлы.
Қызыл Әскерді
Деникин сабайды.
Бізге керегі
Жеңіс қалай да.
Созылды әскер
Доннан Дунайға».
Әй, атамандар-ай!
Қайда жүрсіңдер
Бүркітше бүре түспей!
Коммунарларда
Жолдас Троцкий
Сөзбен омыраулатпай-ақ,
Күңірентіп, қоңыраулатпай-ақ
Жауды қуа аламыз деді.
Аттарды Доннан
Суарамыз деді.
Соқ кәне, самал!
Болмасын толас!
Ворошилов бізде,
Һәм Буденный сабаз.
х х х
Жаныңа батса
Жан даусың шығар.
Егінін бассаң
Мұжық па шыдар.
Деникин қолы
Таптады соны.
Жүздеген шақырым
Созылды жолы.
Сойқанға мұндай
Сақылдап күліп,
Құтырды ақтар
Көздерін жұмып.
Сойылған малда
Есеп жоқ сонша.
Араққа қосып
Қылғиды малша.
Қыздарын қорлап,
Қатынын басып,
Абыройын төгіп,
Аранын ашып.
«Мә, керек болса!
Мә, саған!» – деді.
«Жайсаңдар үшін
Өш алам» – деді.
х х х
О, шіркін ауа
Аңқыған жұпар!
Біз кешкен күйді
Кім,сірә, ұмытар?
Бауларым моншақ
Тағынбай қалды.
Шалғыным қанша
Шабылмай қалды.
Арпа мен бидай
Тапталды, сынды.
Біз өскен елде
Басталды сұмдық.
Үйлерім қалды
Құлазып, қирап.
Шаруа қалды
Болып қу сирақ.
х х х
Бәрінен бұрын
Солар алаңдар
Былғары күртке
Киген адамдар.
Кедейге қорған,
Жан беруге әзір.
Питерді жауға
Қимайды қазір.
х х х
Лиговода анда
Қайнаған ұрыс.
Қып-қызыл жалын,
Жоқ бір сәт тұрыс.
Жазатайымда
Жау бізді алса,
Қайғырар ауыл,
Қалалар қанша...
Былғары күртке
Киген бар жігіт
Соғады жауын
Бетін қан жуып.
Өліктер жатыр
Баудай боп, сұлап.
Аттар шыңғырып,
Омырыла құлап.
Майрылып найза,
Қайырылып қылыш.
Сегіз күн ұрыс,
Тоғыз күн ұрыс.
Оныншы күні
Жау беті қайтып,
Шыдамай күшке,
Шығады тайқып.
Біздің әскерлер
Өкшелей қуып,
Беттері жаман,
Түстері суық.
Зеңбірек біткен
Қынадай қырып!
Әй, қоймас, сірә,
Барады түріп!
Ал, Харьков маңында,
Белградтан әрі,
Төгілген қаннан
Жан түршігеді әлі!
Аш ел Мәскеуге
Жалаңаш жөңкіп,
Шыңғырған үннен
Жер шошып, мөңкіп,
Өзегін жалғар
Қайыр сұрауда.
Бұ адамға не болған?
Қайырсыз аң ба?!
Ашулы бастар
Гуляй-поледе
Бастады дерсің
Бір сұмдық-пәлені.
Ал келіп өрте,
Ал көрсет тепкі!
Деникиніңнің
Іші өтіп кетті!
х х х
Жарандар,
Мына жалғанда
Ән-жырдан мейір қанған ба?
Гуслиге еріп сыңсытып,
Сырнайға қосып салғанда.
Қимылда, сайра тіл мен жақ,
Айта алмай, қалма арманда.
Жігіттер, таңдай жібітер
Сусының болса, ал қамда!
х х х
Базарда бар көп алма,
Жетеді оған, маған да!
Деникинге дес бермей,
Корниловты сес көрмей,
Қалам демей обалға,
Қаптай бір шапшы қамалға!
Кешіксең, күлің көкке ұшар,
Адмирал мырза, амалда!
Амалда, басың аманда!
Әй, Колчагым-ай!
Кетпесең, күнің қараң,
Болсаң да қанша құдай!
х х х
Ақ жағында зар жылау,
Әбден қажып, шаршаған.
Біздің әскер қаумалап,
Жан-жағынан қоршаған.
Ақ жағында айқай-шу,
Құзыр қозғар зар қандай!
Таңның алтын сәулесі
Өртке малып алғандай.
Кабак біткен лық толы,
Танып болмас кімді-кім.
Көбі мұның дәл ертең
Көре алмайды бір-бірін.
Патша ағзам деп көтеріп,
Киелі Русь үшін деп,
Құшағында сылқымның
Бар қайғысын өшірмек.
х х х
Қызыл басқан қорылға,
Кім екенін ал, таны!
Шуаш исі шұлғаудың
Қабады кеп қолқаны.
Таң бозымен таласа,
Тағы да айқас, тарланым.
Ұйықта, менің томпағым!
Ұйықта, менің ардағым!
Таң сәріге малынып,
Қатты ұйқыға шомыңдар.
Тері күртке киінген
Ұйықтамайды коммунар.
х х х
Таңсәріде, ертемен
Айтсам бәрін баян ғып,
Ысқырынған дыбыстан
Шырт ұйқыдан ояндық.
Жиналған соң дүйім ел,
Мұңға тұнып көз алды,
Тері күртке киінген
Сол коммунар сөз алды:
«Бауырлар, біз бүгілсек,
Жаудың бізді жеңгені.
Октябрьдің жарығы
Мәңгі батып, сөнгені.
Қамыт киіп қайтадан
Етке қамшы тигені.
Қайран есіл еңбектің
Зая кетіп, күйгені».
Қолдарымен ашулы
Жасын сүртіп көзінің,
Ротный етігін
Шешіп алып өзінің,
Тамағын бір кенеп ап,
Деді маған қадалып:
«Үйде етік жоқ, сен мұны
Әйеліме бар алып».
х х х
Таңсәріде, ертемен
Жаңбыр жауды көп бүркіп,
Ысқырынған дыбыспен
Үстімізді кептірдік.
Біз алдында келеміз,
Ажал ашып аранын.
Кеудемізге кірген оқ
Шаққанындай араның.
Алдымызда ойпат бар.
Ойпаттан соң тоған су.
Тоғаннан соң терең сай.
Соған жетсек аман-сау.
Алдымызда коммунар
Жер бауырлап жылжыған.
Адымыңды аңдиды
Әккі дұшпан-сұр жылан.
Біз тек алға, тек алға!
Дұшпан артқа, тек артқа!
Жата тұрсын өліктер,
Жаны жетсін жанатқа.
Батырларым, барым-ай!
Өлім, өмір – ол егіз.
Біріңді де қалдырмай,
Қайтып келіп көмеміз.
х х х
Бітті ұрыс. Жаңағы,
Қалмаған амалы,
Жау қашып барады,
Жалтырап табаны.
«Тірімін. Бұл – басқа
Қонған бір бақ» дейді.–
Ротный үн-түнсіз
Етігін ап киді.
Деді ол: «Әйелге
Несіне көз қылам?
Енді бұл етікті
Өзім-ақ тоздырам»
х х х
Бітті ұрыс. Соқ жүрек,
Кеудені ұрғылап!
Әйда, еркін ел,
Әйда, Питер-град!
Түн ауа – таң алды
Кезеді неге осы
Неваның үстімен
Петрдың елесі?!
Көшелер көз арбар
Қызылмен тысталып.
Петрдың сұлбасы
Қарайды сұстанып.
Толқындар түнімен
Жарды ұрып, құтырды.
Кемелер Үндіге
Бет алған сықылды...
Орыс тілінен аударған
Әбжан ӘБІЛТАЙ
Песнь о Великом походе
Эй вы, встречные,
Поперечные!
Тараканы, сверчки
Запечные!
Не народ, а дрохва
Подбитая!
Русь нечесаная,
Русь немытая.
Вы послушайте
Новый вольный сказ,
Новый вольный сказ
Про житье у нас.
Первый сказ о том,
Что давно было.
А второй — про то,
Что сейчас всплыло.
Для тебя я, Русь,
Эти сказы спел,
Потому что был
И правдив и смел.
Был мастак слагать
Эти притчины,
Не боясь ничьей
Зуботычины.
х х х
Ой, во городе
Да во Ипатьеве
При Петре было
При императоре.
Говорил слова
Непутевый дьяк:
Уж и как у нас, ребята,
Стал быть, царь дурак.
Царь дурак-батрак
Сопли жмет в кулак,
Строит Питер-град
На немецкий лад.
Видно, делать ему
Больше нечего,
Принялся он Русь
Онемечивать.
Бреет он князьям
Брады, усие, —
Как не плакаться
Тут над Русию?
Не тужить тут как
Над судьбиною?
Непослушных он
Бьет дубиною.
х х х
Услыхал те слова
Молодой стрелец.
Хвать смутьянщика
За тугой косец.
Ты иди, ползи,
Не кочурься, брат.
Я свезу тебя
Прямо в Питер-град.
Привезу к царю,
Кайся, сукин кот!
Кайся, сукин кот,
Что смущал народ!
х х х
По Тверской-Ямской
Под дугою вбряк
С колокольцами
Ехал бедный дьяк.
На чертвертый день,
О полдневых пор,
Прикатил наш дьяк
Ко царю во двор.
Выходил тут царь
С высока крыльца,
Мах-дубинкою
Подозвал стрельца.
Ты скажи, зачем
Прикатил, стрелец?
Аль с Москвы какой
Потайной гонец?
Не гонец я, царь,
Не родня с Москвой.
Я всего лишь есть
Слуга верный твой.
Я привез к тебе
Бунтаря-дьяка.
У него, знать, в жисть
Не болят бока.
В кабаке на весь
На честной народ
Он позорил, царь,
Твой высокий род.
Ну, — сказал тут Петр, —
Вылезай кось, вошь!
Космы дьяковы
Поднялись, как рожь.
У Петра с плеча
Сорвался кулак...
И навек задрал
Лапти кверху дьяк.
У Петра был двор,
На дворе был кол,
На колу — мочало.
Это только, ребята,
Начало.
х х х
Ой, суров наш царь,
Алексеич Петр.
Он в единый дух
Ведро пива пьет.
Курит — дым идет
На три сажени,
Во немецких одеждах
Разнаряженный.
Возговорит наш царь
Алексеич Петр:
Подойди ко мне,
Дорогой Лефорт.
Мастер славный ты:
В Амстердаме был.
Русский царь тебе,
Как батрак, служил.
Он учился там,
Как топор держать.
Ты езжай-кось, мастер,
В Амстердам опять.
Передай ты всем
От Петра поклон.
Да скажи, что сейчас
В страшной доле он.
В страшной доле я
За родную Русь...
Скоро смерть придет,
Помирать боюсь.
Помирать боюсь,
Да и жить не рад:
Кто ж теперь блюсти
Будет Питер-град?
Средь туманов сих
И цепных болот
Снится сгибший мне
Трудовой народ.
Слышу, голос мне
По ночам звенит,
Что на их костях
Лег тугой гранит.
Оттого подчас,
Обступая град,
Мертвецы встают
В строевой парад.
И кричат они,
И вопят они.
От такой крични
Загашай огни.
Говорят слова:
Мы всему цари!
Попадешься, Петр,
Лишь сумей помри.
Мы сдерем с тебя
Твой лихой чупрын,
Потому что ты
Был собачий сын.
Поблажал ты знать
Со министрами.
На крови для них
Город выстроил.
Но пускай за то
Знает каждый дом —
Мы придем еще,
Мы придем, придем!
Этот город наш,
Потому и тут
Только может жить
Лишь рабочий люд.
Смолк наш царь
Алексеич Петр,
В три ручья с него
Льет холодный пот.
х х х
Слушайте, слушайте,
Вы, конечно, народ
Хороший,
Хоть метелью вас крой,
Хоть порошей.
Одним словом,
Миляги!
Не дадите ли
Ковшик браги?
Человечий язык,
Чай, не птичий.
Славный вы, люди,
Придумали
Обычай.
х х х
И пушки бьют,
И колокола плачут.
Вы, конечно, понимаете,
Что это значит?
Много было роз,
Много было маков.
Схоронили Петра,
Тяжело оплакав.
И с того ль, что там
Всякий сволок был,
Кто всерьез рыдал,
А кто глаза слюнил.
Но с того вот дня
Да на двести лет
Дуракам-царям
Прямо счету нет.
И все двести лет
Шел подземный гуд:
Мы придем, придем!
Мы возьмем свой труд.
Мы сгребем дворян
Да по плеши им,
На фонарных столбах
Перевешаем!
х х х
Через двести лет,
В снеговой октябрь,
Затряслась Нева,
Подымая рябь.
Утром встал народ
И на бурю глядь:
На столбах висит
Сволочная знать.
Ай да славный люд!
Ау да Питер-град!
Но с чего же там
Пушки бьют палят?
Бьют за городом,
Бьют из-за моря.
Понимай как хошь
Ты, душа моя!
Много в эти дни
Совершилось дел.
Я пою о них,
Как спознать сумел.
х х х
Веселись, душа
Молодецкая.
Нынче наша власть,
Власть советская.
Офицерика,
Да голубчика
Прикокошили
Вчера в Губчека.
. . . . . . . . . . . .
Гаркнул Яблочко
Молодой матрос:
Мы не так еще
Подотрем вам нос!
х х х
А за Явором,
Под Украйною,
Услыхали мужики
Весть печальную.
Власть советская
Им очень нравится,
Да идут войска
С ней расправиться.
В тех войсках к мужикам
Родовая месть.
И Врангель тут,
И Деникин здесь.
А на помог им,
Как лихих волчат,
Из Сибири шлет отряды
Адмирал Колчак.
х х х
Ах, рыбки мои,
Мелки косточки!
Вы, крестьянские ребята,
Подросточки.
Ни ногатой вас не взять,
Ни резанами,
Вы гольем пошли гулять
С партизанами.
Красной Армии штыки
В поле светятся.
Здесь отец с сынком
Могут встретиться.
За один удел
Бьется эта рать,
Чтоб владеть землей
Да весь век пахать,
Чтоб шумела рожь
И овес звенел,
Чтобы каждый калачи
С пирогами ел.
х х х
Ну и как же тут злобу
Не вынашивать?
На Дону теперь поют
Не по-нашему:
Пароход идет
Мимо пристани.
Будем рыбу кормить
Коммунистами.
А у нас для них поют:
Куда ты котишься?
В Вечека попадешь —
Не воротишься.
х х х
От одной беды
Целых три растут, —
Вдруг над Питером
Слышен новый гуд.
Не поймет никто,
Отколь гуд идет:
Ты не смей дремать,
Трудовой народ,
Как под Питером
Рать Юденича.
Что же делать нам
Всем теперича?
И оттуда бьют,
И отсель палят —
Ой ты, бедный люд,
Ой ты, Питер-град!
х х х
. . . . . . . . . . .
Дождик лил тогда
В три погибели.
На корню дожди
Озимь выбили.
И на этот год
Не шумела рожь.
То не жизнь была,
А в печенки нож.
. . . . . . . . . . .
х х х
А за синим Доном,
Станицы казачьей,
В это время волк ехидный
По-кукушьи плачет.
Говорит Корнилов
Казакам поречным:
Угостите партизанов
Вишеньем картечным.
С Красной Армией Деникин
Справится, я знаю.
Расстелились наши пики
С Дона до Дунаю.
х х х
. . . . . . . . . . .
Вей сильней и крепче,
Ветер синь-студеный.
С нами храбрый Ворошилов,
Удалой Буденный.
х х х
Если крепче жмут,
То сильней орешь.
Мужику одно:
Не топтали б рожь.
А как пошла по ней
Тут рать Деникина —
В сотни верст легла
Прямо в никь она.
Над такой бедой
В стане белых ржут.
Валят сельский скот
И под водку жрут.
Мнут крестьянских жен,
Девок лапают.
Так и надо вам,
Сиволапые!
Ты, мужик, прохвост!
Сволочь, бестия!
Отплати-кось нам
За поместия.
Отплати за то,
Что ты вешал знать.
Эй, в кнуты их всех,
Растакую мать!
х х х
Ой ты, синяя сирень,
Голубой палисад!
На родимой стороне
Никто жить не рад.
Опустели огороды,
Хаты брошены,
Заливные луга
Не покошены.
И примят овес,
И прибита рожь. —
Где ж теперь, мужик,
Ты приют найдешь?
х х х
Но сильней всего
Те встревожены,
Что ночьми не спят
В куртках кожаных,
Кто за бедный люд
Жить и сгибнуть рад,
Кто не хочет сдать
Вольный Питер-град.
х х х
Там под Лиговом
Страшный бой кипит.
Питер траурный
Без огней. Не спит.
Миг — и вот сейчас
Враг проломит все,
И прощай мечта
Городов и сел...
Пот и кровь струит
С лиц встревоженных.
Бьют и бьют людей
В куртах кожаных.
Как снопы, лежат
Трупы по полю.
Кони в страхе ржут,
В страхе топают.
Но напор от нас
Все сильней, сильней.
Бьются восемь дней,
Бьются девять дней...
На десятый день
Не сдержался враг...
И пошел чесать
По кустам в овраг.
Наши взад им: Крой!
Пушки бьют, палят...
Ай да славный люд!
Ай да Питер-град!
х х х
А за Белградом,
Окол Харькова,
Кровью ярь мужиков
Перехаркана.
Бедный люд в Москву
Босиком бежит.
И от стона, о от рева
Вся земля дрожит.
Ищут хлеба они,
Просят милости,
Ну и как же злобной воле
Тут не вырасти?
У околицы
Гуляй-полевой
Собиралися
Буйны головы.
Да как стали жечь,
Как давай палить.
У Деникина
Аж живот болит.
х х х
Эх, песня,
Песня!
Есть ли что на свете
Чудесней?
Хоть под гусли тебя пой,
Хоть под тальяночку.
Не дадите ли бы мне,
Хлопцы,
Еще баночку?
х х х
Ах, яблочко,
Цвета милого!
Бьют Деникина,
Бьют Корнилова.
Цветочек мой,
Цветик маковый.
Ты скорей, адмирал,
Отколчакивай.
Там за степью гул,
Там за степью гром,
Каждый в битве защищает
Свой отцовский дом.
Курток кожаных
Под Донцом не счесть.
Видно, много в Петрограде
Этой масти есть.
х х х
В белом стане вопль,
В белом стане стон:
Обступает наша рать
Их со всех сторон.
В белом стане крик,
В белом стане бред.
Как пожар стоит
Золотой рассвет.
И во всех кабаках
Огни светятся...
Завтра многие друг с другом
Уж не встретятся.
И все пьют за царя,
За святую Русь,
В ласках знатных шлюх
Забывая грусть.
х х х
В красном стане храп,
В красном стане смрад.
Вонь портяночная
От сапог солдат.
Завтра, еле свет,
Нужно снова в бой.
Спи, корявый мой!
Спи, хороший мой!
Пусть вас золотом
Свет зари кропит.
В куртке кожаной
Коммунар не спит.
х х х
На заре, заре
В дождевой крутень
Свистом ядерным
Мы встречали день.
Подымая вверх,
Как тоску, глаза,
В куртке кожаной
Коммунар сказал:
Братья, если здесь
Одолеют нас,
То октябрьский свет
Навсегда погас.
Будет крыть нас кнут,
Будет крыть нас плеть,
Всем весь век тогда
В нищете корпеть.
С горьким гневом рук,
Утерев слезу,
Ротный наш с тех слов
Сапоги разул.
Громко кашлянув,
На, — сказал он мне, —
Дома нет сапог,
Передай жене.
х х х
На заре, заре
В дождевой крутень
Свистом ядерным
Мы сушили день.
Пуля входит в грудь,
Как пчелы ужал.
Наш отряд тогда
Впереди бежал.
За лощиной пруд,
А за прудом лог.
Коммунар ничком
В землю носом лег.
Мы вперед, вперед!
Враг назад, назад!
Мертвецы пусть так
Под дождем лежат.
Спите, храбрые,
С отзвучавшим ртом!
Мы придем вас всех
Хоронить потом.
х х х
Вот и кончен бой,
Машет красный флаг.
Не жалея пят,
Удирает враг.
Удивленный тем,
Что остался цел,
Молча ротный наш
Сапоги надел.
И сказал: Жене
Сапоги не враз,
Я их сам теперь
Износить горазд.
х х х
Вот и кончен бой,
Тот, кто жив, тот рад.
Ай да вольный люд!
Ай да Питер-град
От полуночи
До синя утра
Над Невой твоей
Бродит тень Петра.
Бродит тень Петра,
Грозно хмурится
На кумачный цвет
В наших улицах.
В берег бьет вода
Пенной индевью...
Корабли плывут
Будто в Индию...
1924
Бөлісу: