Джон Стейнбектің әйгілі 10 қанатты сөзі

Бөлісу:

17.08.2018 5564

Джон Эрнст Стейнбек – американдық прозаик, бүкіл әлемге әйгілі романдар мен повестер авторы: «Ыза шоғы» (1939), «Жұмақтан шығысқа қарай» (1952), «Адамдар мен тышқандар жайлы» (1937), «Алаң көңіл ақпаны» және т.б.; әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1962).

Егер мен галстук байлап жатқан кезімде шұқшия, бүкіл ынта-ықыласымды соған аударсам, оның ұштары сусып қолда тұрмай, әбден әлегімді шығарады. Ал егер ойланып жатпай саусақтарым өздігінен қимылдаса, онда өз міндеттерін оп-оңай ойдағыдай орындайды. Мен галстук байлауды саусақтарыма сеніп тапсырдым да, өзім үйімнің шатыры жайлы ойлағанды жөн көрдім.

Адамдар арасындағы жалғыздықтан қорқынышты ештеңе жоқ.

Бала күнімде кітаптардың құпиялы асыл тасын кеміріп, әбден қалжырағанда, әйтпесе әлдеқалай жазықсыз жаным жадап, жазалы күй кешкенде немесе оқшау шығып оңашалануды қалайтын өң мен түстей қисыны қиын қияли дүниенің қым-қуыт қызығына емін-еркін беріліп, елтіп отырған кезде мен шатырға шығып, адам тұлғасына сай соғылған ұзын төсекте терезе әйнегінен құйылған көгілдір-күлгін сәулеге шомылып, бүк түсіп, бүктетіліп жататыным әлі есімде...

Адам дегеніңіз – қандай ғаламат құбылыс, қандай өлшегіштердің, индикаторлардың, есептегіштердің күрделі жүйесі десеңізші. Ал біз болсақ, солардың кейбіреуінің ғана көрсеткіштерін оқи аламыз, оның өзінде де өреміз жетпей, қателесіп, шат-шәлекейіміз шығады.

Әрбір маңызды, байсалды әңгіме алдында немесе бір кәсіпке кіріспес бұрын тұспалдап айту рәсімі болады. Мәселе шетін аса абайлап сөйлеу қажет болған сайын ресми мылжың шұбалаңқылықтан айрылады. Әңгімеге қатысып отырған әрбір адам өз тарапынан оған бір қауырсын, әйтпесе бір жапырақ алабажақ шоқпыт қосуға тиіс.

...Ол қашан да сөзді – ойдың мәйегі деп танитын да, сөзге ерекше мән беретін, игі ілтипат білдіретін. Жақсы киімге салдыр-салақтық жасаған қандай ашындырса, дәл солай сөз қадірін білмегендерді құдіреті күшті Құдайым түйсіктен кемтар жаратқан мүсәпір жандар дейді.



Біз ақыл естуге емес, көзсіз табынуға үйірміз.

Мен өзгеше бір ұғымда, жаңаша бір өлшеммен тіршілік етіп жатқандаймын, оның мәні мен сәнінің өзі де, міне, осында еді.

Адамдар сенбейтін үш нәрсе бар: біріншіден, шындыққа, екіншіден, шындыққа ұқсас нәрсеге, үшіншіден логикалық тұрғыдан дұрыс дүниеге сенбейді.

Біз айналамыздағы адамдар туралы не білеміз? Ештеңе...

Бөлісу:

Көп оқылғандар