Шикізатты өңдеуші салаға көмектесу керек дегені көңіліме қонады

Бөлісу:

06.10.2018 3247

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті жолдауын тыңдадым. Биылғы жолдауы елдің көкейінде жүрген мәселелерді қозғады. Атап айтсақ, алдыңғы жолдауларда қойған міндеттердің неліктен өз дәрежесінде жүзеге аспай жатқандығын көрсете отырып, лауазымды тұлғаларды тұрғызып, сұраққа алды. Әсіресе, Үкіметтен бөлінген қаржыны түбі жоқ бөшкедей көрмеңдер, сұрауы болады дегені ұнады. Халықтың еңбекпен тапқан табысы қолындағы азын-аулақ ақшасы құнсызданып кетпесе екен деген тілегім бар. Жыл басында, еңбек ақыға, зейнетақыға қосқан ақшасы инфляцияның өсуінен құнсыздана түсуде. АҚШ, Ресейдің бір біріне салған санкцияларының зардабы бізге зиянын тигізерін ешкім жоққа шығара алмайды. Біздің елдің қаржы ұстап отырған Министрлері дербес саясат жүргізсе, ықпалды елдермен достығын үзбесе деген пікірім бар. Әсіресе, шикізатты өңдеуші салаға, адресті қаржымен көмектесу керек дегені көңіліме қонады. Бюрократтық кедергілерді жойып, шенеушіктер күлтөбеде күнде жиын, жиылып алып жиын өткізуді азайтқаны дұрыс. Елге, қарапайым адамдарға барсын, оларға көмек қолын созып, еңбек етуі үшін қәжетті құралдарын алып берсін, сол бөлінгелі жатқан миллярдтарға. Айта берсе сөз көп, сөзден іске көшетін кез туды. Елбасының осы тұрғыдағы қадап-қадап айтқан тапсырмалары көңілден шықты.

Есенбай Нұров,

ҚР Қорғаныс Министрлігінің зейнеткері, запастағы майор

Бөлісу:

Көп оқылғандар