Дала деген – күй сандық бұл қазаққа

Бөлісу:

23.11.2018 6966

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы, әр мақаласы көзі ашық, көкірегі даңғыл адамға тың серпін, көтеріңкі көңіл-күй һәм шалқар шабыт сыйлары хақ.

«Ұлы даланың жеті қыры», кешегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы екендігі аян.

«Ұлы даланың жеті қырындағы» парасат-пайымы терең, мәнді-мағыналы, жан-жақты қамтылған, алдағы уақытта іске асатын қадау-қадау, ірі-ірі рухани-мәдени жобаларды оқып, жүрегімді қуаныш сезімі биледі.

Бағдарламада айтылған атқа міну мәдениетін, аң стилін, Алтын адамды, Түркі әлемінің бесігі болған кең байтақ Ұлы даламызды, Ұлы жібек жолын, Түркі әлемінің генезисін, Ұлы даланың Ұлы есімдерін, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылын, тағы басқа жауһарларымызды қайта жаңғырту, ұлықтау, паш ету, айтары жоқ «өшкеніміз жанған, өлгеніміз тірілген» ҰЛЫ ЖОБАЛАР!

«Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» – дейді Елбасы.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Дала данышпаны» деген өлеңінде былай деп толғаған екен:

Дала, дала...

Сал дала селеулеген,

Жырмен ұйықтап, оянған өлеңменен.

Дала деген – күй сандық бұл қазаққа,

Абай десе, құлағы елеңдеген...

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ

Бөлісу:

Көп оқылғандар