Біз - Ұлы көшпенділер мәдениетінің тікелей осындағы өкіліміз

Бөлісу:

24.11.2018 8839

Мемлекет басшысының былтырғы жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы болған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы ерекше ой салып, асқақ шабытымызды оятты десек болады. Елбасы біздің ежелгі мәдениетімізге, ежелгі өркениетімізге оралу, қайтып бару керек дегенді айтып отыр. Сонау Алтын Орда дәуірінен бастап қалыптастырған өркениетімізді қайта ой елегінен өткізіп, жаңғыртуға баса мән берілгені қуантады. Өйткені, біз жоқтан пайда болған ел емеспіз. Біз үш мың ғасырға созылған Ұлы көшпенділер мәдениетінің тікелей осындағы өкіліміз, Түрік империяларының ұрпағы болып саналамыз.

Президентіміз бұл мақалада атқа отыру мәдениетінен бастап, ежелгі «аң стилі» өнерін тілге тиек етеді. Ұлы Жібек жолы – біздің кең-байтақ жерімізден өтіп, дүниежүзін байланыстырған әлемдегі өркениеттердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан жол еді. Тарихи сананы қайта жаңғырту жөніндегі пікірін айта келе, нақты жобарларды ойластыруға идея тастауы, «ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады» деген сенімі баршамызға жауапкершілік жүктеді.

Өткенімізді білмей, болашағымызға бір қадам жақындай алмайтынымыз анық. Біз, осыған дейін экономикамыздың дамуы, гүлденуі жолында еңбек етсек, ендігі жерде түп-тамырымызға қайта келіп, шын мәніндегі рухани жаңғыруға аяқ бастық. Кешегі айтқан рухани жаңғыру, ұлттық код идеяларының жалғасы болған мақаламен толық танысып, барлық тарау-тармақтарын оқи келе, бұл мақаланың жарияланғанына қуанып отырмын.

Серік Ақсұңқарұлы,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөлісу:

Көп оқылғандар