Әкемтеатрдың жаңа маусымы «Абайдың жұмбағымен» басталады

Бөлісу:

14.10.2020 3157

Ертең Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 95-маусымын ашады.

Маусым шымылдығы «Абайдың жұмбағы» қойылымының премьерасымен ашылмақ. Сахналық нұсқасын жасаған – Болат Әбділманов, Мадина Омарова. Қоюшы режиссері – Аридаш Оспанбаева. Қоюшы суретші – Мұрат Сапаров..

Абай – тұтас бір әлем, әлі толық игеріліп болмаған ғарыш. Абай жұмбағын шешуге ұмтылу – оның өмірлік-өнерлік баянын зерделеп байқауға деген ұмтылыс. Ұлы ақынның өзінің әлеуметтік ортасынан ерекшеленуінің, адам атты ұлы құбылысты зерттеу-тану жолында «толық адам» ілімін ашуының, осылайша Хакімдік деңгейге жетуінің жұмбағы неде? Бұл күрделі сауалдарға Абайдың өз шығармашылығына және М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» эпопеясының оқиғаларына сүйене отырып, өз тарапынан жауап іздейтін қойылым көрерменін де осы бір күрделі сауал төңірегінде ойсеріктестікке шақырады.

Жаңа маусымның ашылуы күні өтетін шаралар:

Сағат 17.00- де Баспасөз конференциясы.

Сағат 18.00-де Көрермендер мен қонақтарға арнайы театр тарихынан сыр шертетін көрме (2- қабатта) қойылады.

Сағат 18.30 –да «Абайдың жұмбағы» спектаклінің премьерасы.

Сондай-ақ, 21 қазан күні Абайдың «Қара сөздерінің» желісімен жазылған «Қара» қойылымының премьерасы болады.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар