Халықаралық әдеби байқауда бақ сынаңыз!
Бөлісу:
ЕРЕЖЕ
Алтын Орданың 750 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған I-ші Халықаралық әдеби (публицистикалық) байқаудың ашық интернет-байқауы туралы.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Алтын Орданың 750 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған I Халықаралық әдеби (публицистикалық) байқаудың (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын айқындайды, оған қатысушылардың ауқымын, байқпулық жұмыстарға (туындыларға) қойылатын талаптарды және оны өткізу мерзімдерін айқындайды.
1.2. Байқаудың ұйымдастырушылары "ХДХД" ҚБ ("Халық дипломатиясының халықаралық достастығы" қоғамдық бірлестігі) және "AVANGARD" шығармашылық бірлестігі (Нұр-сұлтан қ.) болып табылады.
Ұйымдастырушылар байқауды ақпараттық деректермен қамтамасыз етуді жүзеге асырады, байқау жұмыстарын қабылдауды және қатысушыларды іріктеуді жүргізеді, қазылар алқасының құрамын бекітеді, байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.
1.3. Байқаудың үйлестірушісі – Дина Ораз. Үйлестіруші байқау өткізудің барлық кезеңдеріне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
1.4. Байқау екі деңгейлік жас мөлшерінде өткізіледі: балалар (6 жастан 18 жасқа дейін) және ересектер (18 жастан жоғары).
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – дарынды авторларды, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі көркем және публицистикалық әдебиет жасаушы жас авторларды анықтау.
2.2. Байқау Алтын Орданың 750 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, Қазақстанның мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту мақсатында екі номинация бойынша өткізіледі.
2.3. Байқау халықаралық әдеби шығармашылықты дәріптеу, халық дипломатиясы аясында патриоттық сезімді және халықтар достығына деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында өткізіледі.
2.4. Қазақстан Республикасының жоғары халықаралық әдеби мәдениеттік аумақ ретіндегі орнын айқындау.
2.5. Қазақстанның қазақ және орыс тілді әдебиетшілерінің Ресей, Украина, Беларусь және басқа да шет елдердің шығармашылық қайраткерлерімен шығармашылық және достық байланыстарын нығайту.
2.6. Байқаудың міндеттері:
- көптеген шығармашылық тұлғаларын, әдеби шығармашылықпен айналысуға барынша көптеп тарту;
- көркем әдебиет пен үздік әдеби дәстүрлерді қолдау;
- орыс және қазақтың әдеби тілдерін кеңінен насихаттау;
- әр түрлі мемлекеттердің әдеби ұйымдары мен жекелеген авторлар арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайту;
- қоғамның назарын қазіргі заман әдебиетіне аудару.
- шетел әдебиетшілеріне қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныстыру;
- балаларды белсенді зияткерлік қызметке тарту, қоршаған шындықты эстетикалық шынайы түрінде қабылдауға тәрбиелеу;
3. Байқауға қатысу шарттары және байқауға қатысушылардың жұмыстарына қойылатын талаптар
3.1. Шығармалардың тақырыбы тарихпен, мәдениетпен және халықтар өміріндегі жағымды оқиғалармен байланысты болуы керек.
3.2. Байқауға қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалар, – өлеңдер мен шағын прозалар жанрында қабылданады.
3.3 Байқауға қатысушы белгілі бір жұмыс түрі бойынша көрсетілген екі жанрда жалпы көлемі:100 жолдан аспайтын орыс тіліндегі өлеңдер мен жалпы көлемі 5-7 беттен тұратын орыс тіліндегі шағын проза түрінде ұсынады. Қазақ тілді әдебиетшілер үшін де, осындай қағидалар сақталады.
3.4. Байқау жұмыстары электронды түрде қабылданады. Қазылар алқасы шығармаларды 5 балдық жүйе бойынша бағалайды.
3.5. Орыс тілді байқауға қатысу үшін, авторлар өз туындыларын 2021 жылдың 16 қарашасына дейін "конкурсқа" деген белгімен, мына электронды поштаға жібере алады: ioanna_1994_94@mail.ru.
Қазақ прозашылары мен ақындары да сол мерзімде, мынадай электронды поштаға жібере алады: 25_ai_sulu.06@mail.ru
Анықтама телефоны: Иоанна Арсений +7 702 119 5819;
Айсұлу Тоқашева +7 747 259 1353
Байқау туындылары docx (Microsoft Word) форматында, қарпі – Times New Roman, қаріп өлшемі – 14 пт. мөлшерінде қабылданады, жоларалық интервал – дара. Барлық шығармалар бір файлда ресімделеді, онда автордың аты-жөні, шығарма атауы, телефон, e-mail көрсетілуі керек.
3.6. Байқаулық жұмыстарды байқауды ұйымдастырушылар тіркейді және қазылар алқасына авторын жасырын қалдырып, тіркеу нөмірлерімен беріледі.
3.7. Жұмыстарды бағалауды қазылар алқасы әрбір жанр бойынша және әрбір кезеңдік жас мөлшерлері бойынша жеке-жеке жүзеге асырады.
3.8. Өз туындыларын бүркеншік атпен конкурсқа ұсынған автор, Ұйымдастыру комитеті үшін өзінің шынайы Т.А.Ә. қосымша көрсетеді.
3.9. Байқауға айтылар ойлары қалыпты сөз саптаудан ауытқыған, арасында анайы сөздер қолданылған, сондай-ақ ұлтаралық араздықты қоздыратын және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін туындылар жіберілмейді.
3.10. Жұмыстың авторлығының дұрыстығы үшін, жұмысты конкурсқа жіберген адам жауапты болады. Байқауға жіберілген жазба жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
3.11. Байқауға қатысу тегін.
4. Байқауды өткізу мерзімдері
4.1. Іріктеу: байқау жұмыстарын жинау – 2019 жылдың 16 қазанынан 2021 жылдың 16 қарашасына дейін.
4.2. Бағалау: байқау жұмыстарын зерделеу және бағалау – 2021 жылғы 18 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтеді.
4.3. Жүлделі орындар: 1, 2 және 3 орындар болып табылады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
4.4. Қорытынды: байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттаудың әдеби онлайндық - мерекесі – 2021 жылдың 14 желтоқсан айында өтеді.
5. Байқаудың қорытындысын шығару және марапаттау
5.1. Байқаудың соңғы қорытындысын, әрбір деңгейлік жас мөлшерінде ұсынылған конкурстық жұмыстарды зерделеу және бағалау негізінде, арнайы құрылған халықаралық қазылар алқасы шығарады.
5.2. Қазылар алқасы анықтаған үздік шығармалар тізіміне енген жұмыстар жеңімпаздар болып саналады. Жеңімпаздар I-II-III дәрежелі диплом алады. Сондай-ақ, "Байқаудың Гран-при" жүлдесі анықталады. Байқаудың барлық қатысушылары "Алғыс хатпен" марапатталады.
6. Халықаралық қазылар алқасының құрамы
Орыс тілді байқаудың қазылар алқасы:
1. Бақыт Рүстемов - қазылар алқасының төрағасы. Қазақстан.
2. Александр Раткевич - қазылар алқасы төрағасының орынбасары, ақын, Беларусь "Еуропа Орталығы" халықаралық әдеби байқауының төрағасы, Ресей Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің тең төрағасы.
3. Әсима Ищанова, журналист, әдебиеттанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы, әдеби - көркем аударма байқауы комиссиясының мүшесі. Қазақстан.
4. Разияханум Ахмедова, әдебиеттанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы. Дағыстан.
5. Наталья Вареник, журналист, ақын, халықаралық әдеби байқаулардың қазылар алқасының мүшесі, "Руханият шоқжұлдызы" әдеби байқауының төрағасы. Украина.
6. Андрей Чернов. Қырым. Ақын. "Чехия күзі" халықаралық әдеби байқауының қазылар алқасының төрағасы. Қырым.
7. Абдукаххор Косимов. Академик, халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын, клементфест музыкалық – поэтикалық байқауының қазылар алқасының төрағасы (Қырым), Еуразия халықтары Ассамблеясының әдеби кеңесінің тең төрағасы (Ресей). Тәжікстан.
8. Валентина Боован. Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын. Қалмақия.
9. Тамара Бенгессер. Халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, афорист, ақын. Украина.
10. Дина Ораз. Халықаралық әдеби сыйлықтардың лареаты, ақын, халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшесі (Қырым). Қазақстан.
11. Андрей Степанов. Ақын. Қазақстан.
Байқаудың қазақ тіліндегі қазылар алқасы:
1. Бақыт Рүстемов – қазылар алқасының төрағасы. Қазақстан.
2. Серік Оспанов - қазылар алқасы төрағасының орынбасары, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан.
3. Манат Бопекова – ақын, Қырғызстан.
4. Аманкелді Жұмабек – журналист, ақын. Қазақстан.
5. Қалқаман Сарин - ақын, әдеби сыйлықтардың лауреаты. Қазақстан.
6. Егінбай Әбдірахманов - ақын, халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты. Қазақстан.
7. Манарбек Кәрекенов - ақын, әдеби сыйлықтардың лауреаты (Қазақстан).
Бөлісу: