Естелікпен шектелу!
Бөлісу:
НҰРЖОЛ ЖАҚСЫЛЫҚ - ақын.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4 курс студенті. 2020 жылғы "Мен жастарға сенемін" форумының поэзия бойынша бас жүлде иегері. 2018 жылы Атырау облыстық жас ақындар арасындағы мүшәйраның бас жүлде иегері. "Бесеудің хаты" атты әдеби шығармашылық бірлестіктің мүшесі.
Естелікпен шектелу!
(сәттік ойлар)
І бөлім
Олар алғаш көріскенде бір-біріне ұзақ қарады. Білдірмеді. Ең оңбаған жексұрын, сұмырай адам болды ол шақта. Тек оны олай көрмейтін жалғыз неміс ханшасы еді...
Жанын түсінді. Түсінгені үшін рақмет!!!
Светлана Крюгер
(неміс ханшасы)
Өткенді ойлап қайтеміз?
Өткеннің бәрі, өткенннің бәрі, бәрі мұң!
Сезімге беріліп жасаған әрекеттерімізге бүгін...
Сан соғып қалдық, өкініп қалдық жарығым!
Сенің көздерің ай мұңын...
Сарқып ішкенді,
Шарпып ішкенді.
Маздаған шырпыдай сөне алмай.
Бірақ сезімге берілме, бір сәттік...
Уақыттың ырқына көне алмай.
Ешқашан...
Ғасыр шеңберін орамдап,
Үміттендіріп талайды, көп алдай...
Әйтеуір тірі жүрші,
Тірі жүрші...
Бейкүнә періштем, өмірден жоғалмай!!!
Жүректі сақта!!!
ІІ бөлім
Соңғы кездесу деп жоспар болды. Қыстың алғашқы күні. Болмады.
Бірақ кездесті кафеде. Сырласты. Түнгі сағат 4:00. Уақыт таяды. Екеуі тарқасты. Ол далада қалды...
Lounge bar
(амалсыз соңғы... жолығу)
Екеуімізде үнсізбіз...
Мұң жамылған күйдегі.
Жанарыңда тербеліп...
Балауыз шамдар биледі.
Ойымды қажытып барады,
Өксітіп барады кіл амал.
Ішкі дертімді, өкініш өртімді...
тарқатар бір тостақ сыра бал.
Кел, тоғыстырайық...
Осымен кетсін барлығы!
Бокалды соғыстырайық,
түршігудің, күрсінудің бар мұңы!
Иығыма, шашыңды жайып,
Басыңды қойып демалғын...
Сәл ғана қалған сыраны анау,
Қоштасу үшін мен алдым.
Қоштасу үшін сен алғын.
Алмадың бірақ...
ІІІ бөлім
Үйге қайтты. Үш есе бір-бірінен алыстады. Қимады. Ай көрінсе айға ұзақ қарайды, мүмкін ол да айға қарап тұрған шығар деген үмітпен. Түн ауса далаға шығып жұлдызды санауды әдет қылыпты. Жұлдыздар мұңлы. Ол ойда...
(ой да ойланады)
Тыныштықбек Әбдікәкімов!!!
Ой құрсауындағы жүрек!
Шырақтар көктен мұңданып қараған кезде...
Түпсіз ойларыма шырмалып даланы кезгем.
Ой бітерме санадан? Ой бітпейді...
Сағынышым тулауын қойдық дейді.
Сөндік дейді шамдарда, қалдық дейді.
Мен көшені тауыстым...
Дала. Табанда тозды. Кетсемде қалғып мейлі.
Шаң бітпейді, Құдай-ау жол бітпейді...
Деседе сағынышым, көзімнің ұшында
Ол күтпейді!
ІV бөлім
Ұйықтап кетіпті. Түсінде көрді оны. Шалқып жүр екен. Терезеден айға қарады. Ай оған қарады. Далаға шығып темекісін шегіп келіп жазды...
Апокалипсис
(түс көру)
Құрсағында оянып ғарақ таңның.
Сәулесіне майшамның қарап қалдым,
қарап қалдым, пәлі...
Уәдемді бұзбау үшінде,
Майшамдай маздау үшінде.
Қолыма алқызыл шарапты алдым, тағы...
Тереземнен сығалар айдың сәулесі...
Айға көз салдым. Қайғым сол десіп.
Тостағандағы қанның қызыл түсіндей,
шараптан ұрттап аламын,
Сезімнен өлетін кезде, тегі...
Тағыда ұйықтап аламын,
түсімде көретін кезде, сені...
Аяқ асты болған мынау сезімдерімнен,
Төзімдерімнен, болдыртқан...
жәй аттаңдаршы, қадамдар...
Түнгі аруымды көремін, көз ілгенімнен,
көзімде күлген, сондықтан...
-оятпаңдаршы, адамдар...
...оятпаңдаршы!!!
Мен кеттім...
V бөлім
Жұма түні. Жаңбыр сіркіреп тұр. Терезенің жақтауын тамшылар тоқылдатады қатты. Ұйқысы ашылып кетті. Тағыда жазды...
Тірі жұма!!!
Моншақ тамады тажалдан, тамады тағыда...
Табиғаттық бұл ажарлы ән, жаратылғандай бағыма!
Жылайды анау зеңгір көк, боялып сұрғылт түсіне...
Ол, тереземді соғар тербелтіп әзәзіл сынды, күрсінем!
Қос мүйізін қадайтын тажалға, айда жоқ.
болғаныменен ода пайда жоқ...
Үздіксіз тамған тамшылар,
...құйылып жатыр сайға лық!
Сай түбіндегі сезімдерімізді, жаңбыр суымен лайладық...
Лайладық!!!
Қайғы алып!!!
Тағы...
Шық боп тамады тажалдан, тамады тағыда...
Табиғаттық бұл ажарлы ән, жаратылғандай жаныма!!!
Бәрі...
Vl бөлім
Жанын түсінер, жазғандарын түсінер доста, дұшпан да жоқ. Тек бір түсінсе неміс ханшасы Светлана Крюгер түсінер еді. Ол алыста...
Сол үшін жабығып жүр.
Эпилепсия
(жабығу)
Жабығып жүрмін,
Қағынып жүрмін ғұмырда...
баянсыз өмір, сүргенімбе бекер?
Ақ өмірімнің ақ жалауын әкеп тұғырға...
бағандасам не етер?
Дос жоқ...
Дұшпанда жоқ...
Жауласар қанды ауыздарменен.
Сәуле ғұмырым шарқұрып кетті меніңде!
Құлқымды азғырар жалмауыздарменен,
Күрескім келеді тегінде...
Әй Тәңір?!
...Тыңдасаң мені бір досты берші,
Сырласар!
Жалғанды жалпақ басып жүрейін,
Тасып жүрейін, қырды аса...
Болмаса егер дұшпанды берші...
Дұшпанды берші, жауласар!
Кесапат іздеп барып тұрайын,
Салып тұрайын дауға сан!!!
(соңына таяу)
Онымен тілдескен кезде көп үміттенеді. Үміттенгісіде, күдіктенгісіде келмейді. Жып жылы қарсы алудың реті келсе құшақ жаяр еді. Болмайтын секілді. Көріспегендері жақсы.
Ол - дегенім Уилям еді!
Ой менен таң атырып, мұңменен кеш батырып жүрген уақыттың арасында қолыма қалам алып ойларымды қағазға түсіріп қойғаннан басқа түк бітіріп жүргенім жоқ...
Кешіріңдер мені, адамдар!
Бөлісу: