«Жусан иісі» әдеби байқауы. Құрбылар
Бөлісу:
Қазақтың классик жазушысы Сайын Мұратбековтің шығармашылығына арнайы ұйымдастырылған республикаық «Жусан иісі» әдеби байқауы қазан айының басында әлеуметтік желілерде жарияланып, 15 қазаннан 15 қараша ралығында бір ай бойы шығармалар қабылданған болатын. Байқауға шығарма қабылдау аяқталғаннан кейін, келіп түскен шығармалар іріктеліп, жүлдеге үмітті деген бір қатарын авторын жасырып реттік номермен «Әдебиет порталы» арқылы оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Құрметпен: ұйымдастыру алқасы
№4 шығарма. Құрбылар
Бар екен ғой, бар екен жақсы адамдар!
Жақсы жоқ деп айтпаңдар, бəтшағарлар!
Ренжісең қайсыбір жандарға сен,
Күл шашпа кір шалмаған ақша қарға
М.Мақатаев
Айжан мен Мөлдір бір сыныпта оқиды, екеуі мектепке бірге барады және бірге қайтады. Екеуінің үйлері де бір көшенің бойында. Бірақ аралары алыс. Сыныпта екеуін кемсітіп, келемеждейтіндер де бар. Себебі Мөлдір бостау қыз, сабағы да нашар және оқуға да немқұрайлы қарайтын. Диктантты да көп қате жіберіп жазатын, сондықтан болар сыныптастары оны мен көп сырласып, қатарласып жүрмейтін. Ал көңілі ақ, кең пейілді Айжан Мөлдірдің сыныптастары мен тең болғанын қалайтын. Сол себепті де Мөлдірді жалғыз тастамаушы еді. Ылғида, екеуі әрдайым ажырамайды. Екеуінің арман тілегі де бір. Мектеп бітірсек бір оқуға барсақ деген. Ол армандарының орындалуының да ауылы алыс емес, өйткені осы жылы 11 сынып оқиды. Екеуі 5 сыныпта табысқан достар. Мөлдір, Айжан оқитын мектепке басқа ауылдан көшіп келген еді, міне содан бері екеуі ажырамас дос. Ал Мөлдірдің де бойында ақ көңілділік пен ақ пейілділік қасиет бар. Тек өзіне қарамайды, киген киімін, ұстаған заттарын да ұқыпты ұстамайды. Ал Айжан керісінше киімін таза, заттарын еш бүлдірмей ұстайды. Тағы бір айта кететін жайт, Айжан колхоз бастықтың қызы, Мөлдір шопанның қызы. Колхоз дейміз- ау, оның тарауына санаулы- ақ күндер қалды, өйткені Қазақстан ел тәуелсіздігін алған, кез болатын. Колхоздар тарап, барлығы да жеке ұжым, шаруа қожалықтар құрып, әр ұжымға жер беріліп, мал шаруашылығы құрылып жатты, бұл кездері. Екеуі де ата –аналарының ерке қыздары, үйдің кенжелері. Соған қарамастан бір – бірінің көңілдерін таба білген адал достар. Бұл достар мәңгілік достар. Мектептегі өзге сыныптарда екеуін әңгімелейтін, тек екеуі ғана жүреді, басқа сыныптағылармен араласпайды деп, екеуінің арасындағы құпияны білгісі келетіндер де жоқ емес.
Міне, көптен күткен соңғы қоңырау да келіп жетті, алда мемлекеттік емтихан. Дайындалу қажет. Ол кездері қазіргідей ҰБТ- деген жоқ, билет жазып тапсыру үрдісі еді. Емтихан бес пәннен болатын болды, 9-сыныпта төрт пәннен тапсырып еді, 11- сыныпта орыс тілі қосылыпты. Айжан үшін бұл қорқыныш емес, Айжанға орыс тілінен білікті, сол мектептің абыройлы ұстазы Сабира апай сабақ беретін. Сабира апай солтүстіктің қызы солтүстік тұрғындарының елу пайызы орыс ұлты еді, сол орыс ұлтының арасында өскен Сабира апай орыс тілінен де, қазақы тәрбиеденде де құр алақан емес. Мінезіде биязы, оқушыны өзіне тез алады. Ал Айжан өмірінде Сабира апайдан үлгі алғанды дұрыс санайтын. Тіпті Сабира апайға еліктейтінде, сол апайдың стилімен киініп, Сабира апайдың бұрымы секілді, бұрымында өсіріп, қос бұрымғып өргізіп алатын, Айжанның анасы да ұстаз, ұстаз болғандықтан Айжанның шаш өруі қиынға соғатын көрші апайларға өргізетін мектепте барарда, кейде өзінен үлкен ағасы мектептен ерте келгенде өріп береді. Кей кездері бұл міндетті Мөлдір атқарады. Ол кездері сыныптағы оқушыларды орыс тілінен екі топқа бөліп оқытатын, Мөлдір екінші топта. Бұл күндері Айжан мен Мөлдір күні - түні емтихан билеттерін жазудан бас алмады. Кей күндері Мөлдірдің ата –анасы тауда болғандықтан Айжанның үйіне түнейтін болды. Орыс тіліне билет жаттау қиынға соқты, ал Сабира апай оқушыларға билет жаттаудың тиімді тәсілін үйретті, билеттегі сөйлемдерге, ережелерге сазды әуен қосып жаттаңдар деді. Айжанға бұл тәсілде оңай болды. Өйткен ол Сабира апайды өте қатты жақсы көретін, мектепті аяқтап жоғарғы оқу орнына орыс тілі маманы болуға бел байлап шешім қабылдаған еді. Бірінші емтихан қазақ тілі пәнінен диктант жазу болды, Айжан диктантты өте сауатты жазатын, осы жолыда диктантты жоғары деңгейде жазып шықты, таңқаларлығы Мөлдірде диктанттан жоғары баға алыпты. Емтихандар арасы екі күннен болып бірінен соң бірі өтіп, соңғы емтихан орыс тілі болды, орыс тілінен ауызша тапсырды. Айжан өте жақсыға тапсырды, өкініштісі Мөлдір емтиханнан өте алмады. арада бір апта өтіп аттестатт тапсыру, бітіру кеші болды. Айжан оқуға кетті, кетерінде Мөлдір екеуі Айжанның бағында көп әңгімелесті, араларындағы қимас достықтары, сол күні, күн батқанша бірге отырды, Мөлдір көңілсіз, Айжан оқуға кететін болды, Мөлдір де қимастық сезім басым, қайта –қайта сен ертең кетесің деп қайталай берді. Мөлдірдің көңілін көтеру үшін Айжан қалжыңдады мен кеткенсоң үйленіп кетесің, мен оқуды бітіріп келгенде сен, мені қонақ қылып күтіп аласың бала-шағаңмен деді,- күліп. Мөлдірде күлді. Ертеңіне Айжан оқуға кетті, қалаға. Мөлдір айжанды шығарып сала алмады, көктемде, жазда Мөлдірдің отбасы жайлауға көшетін. Мөлдір таңғы автобусқа үлгере алмайды. Автобус таңғы сағат алты да жүретін. Бұл кезде дала, сәл қараңғылау болады. Мөлдір ауылда қала берді. Айжан асқақ арманына жетіп, русский филологияға оқуға түсті, жаңа таныстар тапты, әр өңірден келген өзіндей бойжеткендер мен танысып, жаңа достар тапты. Жатақханаға орнласты. Студенттік кездер басталды. Алғашында ауылды жиі сағынатын, Мөлдірді жиі еске алатын. Мөлдір ауылда болса да, Айжанды ата-анасынан жиі сұрап, амандығы біліп тұрушы еді. Ол жайлы Айжанға анасы айтып, хабар беріп тұратын. Мөлдір Айжанның анасына көмектесіп, таудан ауылға келген сайын, амандасып кетуші еді. Қыс түскелі Мөлдір келмейтін болды. Көп ұзамай қыстық демалыста келіп жетті, Айжан сессиясын ойдағыдай аяқтап, туған жеріне, туған үйіне асыға жетті.
Үйге келе салысымен, анасынан Мөлдір жайлы сұрады, ол қыстауында болу керек көптен бері көрмедім деді, - анасы. Ертеңіне сыныптастары келді, олармен хал сұрасып, амандасып, содан Мөлдір жайлы хабарды естіді. Мөлдір көршілес ауылға тұрмысқа шығып кетіпті. Айжанның көңіліне қаяу түсті. Бірінші курсты бітіргенсоң Мөлдірді өзімен оқуға алып кетпек болып еді. Ол арманы желге ұшты. Мөлдірге бармақ болды, бірақ Айжанның ата –анасы қатал адамдар, Айжанды үйден шығармады, сені алып - қашып кетеді- деп шығармайтын. Оның да себебі бар, Айжанның екі әпкесі бар, екеуі де тұрмыста. Әпкелерін оқуларын бітірместен алып - қашып кеткен, ерте тұрмысқа шыққан. Сол себепті, кенже қыздарын қызғыштай қорғайды, ата-анасы. Осылайша жылдар жылжып өте берді, Айжан ауылға сирек келетін болды. Тек жазғы және қысқы демалыстарда. Жылдың қалған мезгілдерін қалада, университетте өткізді. Арманының асқар шыңына жетіп, диплом алатын күні де жақындады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылына мұғалім болып келмекші болды. Бұл таңдауын анасы да құптады. Кенже, ерке қызының жанында жүргені, бірге қызметтес болғаны, Айжан анасы үшін, бақыттың бақыты. Дипломын алып ауылға келгені сол еді. Мектепке орналасып, мұғалім болып бар- жоғы үш күн өткен соң, сол баяғы алып-қашу операциясымен көрші ауылдың жігіттері Айжанды алып – қашып әкетті. Танымайтын бөтен бір әулетке келін болып түсті. Қайтып «келген қыз жаман» деген қазақта дәстүр бар. Сол дәстүрден аттамайын деген,намысымен Айжан амалсыз көнді.
Бір қызығы өзі келін болып түскен әулеттің үлкен келіні өзінің айырылмас досы Мөлдір. Айжан ішінен Мөлдірді қайта табыстырған, құдайдың құдіреті деп білді. Мөлдір үш баланың анасы, мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздары Мөлдір сен оқи алмайсың тым құрса қолөнерді оқы деуші еді. Ұстаздардың ол сөзі бекер болған Мөлдір ас мәзірінің хас шебері болыпты, жас келін болған Айжанға ас мәзірінен ұстаз болып, үйретуде. Мөлдірдің мектеп жанында жеке асханасы да бар. Өзі ашқан асхананың бас аспазы, әрі қожайыны. Міне, екі дос қыз, енді абысын болып, сол ауылдың үлгілі келіндері аталуда. Екеуі абысын болғалы мерейлері үстем болып, ырыстары таси бастады, бұл ауылдың үлкендерінің үлгі тұтары осы Сағынай әулетінің келіндері Мөлдір мен Айжан болатын. Мөлдір мен Айжан мектеп қабырғасынан дос болғандықтан ба, абысын болғалы да тату әрі бірлікті болды. Екеуінің балалары да ортақ, балаларына ортақ тәрбие беріп. Балалары шетінен өнерлі, өнегелі, бірі сурет салса, бірі ән шырқап. Мектеп ішілік, аудан аралық байқаулардан жүлдеді бәйгелерді жеңіп алып жатыр. Екеуін бірге көрген ауылдастары екеуің мектепте ажырамаушы едіңдер, әлі күнге бірге жүрсіңдер ме дейді. Шынайы достықтың арты туысқа айналған. Бұл екі қыздың достық тағдыры, адал ниеттерінде. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жақсы адамдар деген өлеңінде:
Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем.
Жамандарды іздемен,өзі-ақ табылар,
Жақсыларды табуың қиын екен...- бұл өлең жолдары ақкөңіл, кең пейіл Мөлдірге арналғандай, Айжан осы өлеңде жолдарын оқып Мөлдірге, саған арналған екен деді, жымиып. Бірі ұстаз, бірі аспаз болып, келін болған әулеттерінің ұл-қыздарын бірге тәрбиелеп, бірге өмір кешуде.
Бөлісу: