Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату ережесі
Бөлісу:
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату ережесін ұсынады.
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
- Ереже талаптарын мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуші авторлар, олардың үздіктерін анықтаушы сараптама комиссиясы мен электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырушылар, редакторлар мен корректорлар бұлжытпай орындауға міндетті.
- ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Іріктеу комиссиясы мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде келесі әдістемелік еңбектерді қарастырады.
- Оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал – ересектер мен балаларға тіл үйрену үдерісінде және оқытушылар мен әдіскерлерге тіл үйрету үдерісінде қолданылатын жаңа технологиялар мен озық тәжірибелер негізінде дайындалған әдістемелік құрал.
- Оқу-әдістемелік кешен – тіл үйренушінің білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқулық, оқу құралдарына ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы.
- Әдістемелік нұсқаулық – тіл үйрету әдістемесінің мәселелері қамтылған және оқу-әдістемелік кешенді дұрыс қолдану тәсілдерін баяндайтын оқытушылар мен әдіскерлерге арналған жетекші құрал.
- Әдістемелік жинақ – ғалымдардың, әдіскерлердің әдістеме тақырыбындағы еңбектері топтастырылған жинақ.
- Жұмыс дәптері – тіл үйренушілерге арналған оқу құралының қосымша дәптері.
- Мәтіндер жинағы – ересек тіл үйренушілерге арналған көркем, публицистикалық, танымдық мәтіндер жинағы.
- Тілашарлар – тіл үйрету мақсатында қолданылатын, белгілі бір лексикалық мазмұнды қамтитын балаларға, ересектерге, туристерге т.б. арналған екі, үш, көптілді тілашарлар.
- Сөздіктер
- ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ
- Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктерін іріктеу үшін арнайы іріктеу комиссиясы құрылады.
- Комиссия құрамына қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдар, тіл мамандары, әдіскерлер, қоғам қайраткерлері кіреді.
- Комиссия құрамын Тіл саясаты комитеті бекітеді.
- Іріктеу комиссиясының отырысы ұйымдастырылады.
- Комиссия жұмысының нәтижесі жабық дауыс беру арқылы анықталады.
- Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауысқа ие болады.
- Ұсынылған еңбектермен танысу үшін комиссия мүшелеріне еңбектердің электрондық нұсқалары мен аннотациясы, ұсыныс хаттары алдын ала жолданады.
- Комиссия жұмысы хаттама ретінде рәсімделеді, комиссия мүшелерінің пошталарына хаттама жобасы жолданады, келісім болған соң қағаз күйінде шығарылып, қолдары қойылады.
- Іріктеу комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өнімдерін ұсына алмайды.
- Бұрын жарық көрген өнімдер қабылданбайды.
- ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Ұсынылған еңбектер Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына, индикторларына және осы ереженің 2-ші тармағына сай болуы қажет.
- Еңбектердің мазмұны еліміздегі тіл саясатына, қоғамдық этикаға, моральдық талаптарға сай болуы тиіс.
- Ғылыми-әдістемелік құралдар мемлекеттік тілді үйрету әдістемесін жетілдіру немесе тілдерді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну бағытында дайындалған болуы керек.
- Әдістемелік құралдар қазақ тілін үйретудің қазіргі заманауи талаптарына сәйкес болуы қажет.
- Ұсынылған еңбек бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрмеген болуы керек.
- Ұсынылған еңбектерді сараптама барысында жаңашылдығына, заманауи технологияны қолдану деңгейіне басымдық беріледі.
- Ұсынылған еңбектерге міндетті түрде сол сала бойынша 2 (екі) ғалымның пікірі болуы керек.
- Ұсынылған еңбектердің мазмұнының дәлдігіне, тілдік сауаттылығына және деректердің растығына авторлар жауап береді.
- Іріктеу комиссиясы мақұлдаған еңбектің ҚР Әділет министрлігі тарапынан берілетін авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс, авторлық құқық алу өнім берушінің жауапкершілігінде.
- Еңбектерді сараптама барысында қазақ тілін үйрету барысында қажеттілігі мен тиімділігі негізделген жағдайда облыстық тілдерді оқыту орталықтарының ұсыныстарына басымдылық берілетін болады.
- Іріктеуден өтпеген өнімдер қайта қарауға және талқылауға жатпайды (өтпегені туралы анықтама немесе негіздеме берілмейді).
- ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
- Орталықтың tilalemi.kz сайтында және «Тіл-қазына» ұлттық орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында осы ереже орналастырылады.
- Өнімдер мына электрондық мекенжайға жіберіледі: tilortalyk@mail.ru
Байланыс телефоны:
44-88-68
+7 701 318 48 18
- Өтінімдер 2022 жылдың 25 қарашасынан бастап осы жылғы 4 желтоқсанға дейін қабылданады.
- Өтінімге төмендегі материалдар қоса беріледі:
- Осы ереженің 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өтініш;
- Осы ереженің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өнім туралы анықтама;
- Ұсынылған өнім А4 форматында, Times New Roman қаріп түрімен, №14 өлшеммен, «бірлік» жол аралығымен терілген еңбектер электронды нұсқада PDF форматында (CD диск) ұсынылып, авторлары, жетекші ұйымдары көрсетіледі;
- Өнімнің мазмұнына сәйкес аудио және бейне нұсқалары немесе мультимедиялық қосымшалары болған жағдайда әдебиетпен бірге ұсынылады.
- ӨТІНІМ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАРАЛМАЙ, КЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
- Көрсетілген мерзімінен кеш ұсынылған еңбектер.
- Осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер.
- Құжаттар тізімі толық тапсырылмаған жағдайда.
1 қосымша
«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»
ұлттық ғылыми-практикалық
орталығы» КеАҚ Бас директоры
Е.Тілешовке
кімнен___________________________
__________________________
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Өтінім
Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату бойынша келесі өнімді қарастыруды сұраймын:
________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________.
(автордың тегі, аты, әкесінің аты, еңбектің атауы, тілі, шартты баспа табақтағы көлемі, бояуы, қысқаша мазмұны)
Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:
1.
2.
3.
4.
____________________
(жеке тұлғаның қолы немесе
заңды тұлғаның атауы) Мөр орны
(болған жағдайда)
Өтінім беру күні « » __________20__жыл
2 қосымша
Өтінімді рәсімдеу
№ | Өнімнің атауы | Аннотациясы | Форматы, бояуы, көлемі (шартты баспа табақ) | Авторы |
1 |
|
|
|
|
Бөлісу: