Baitursynuly.kz сайты таныстырылды
Бөлісу:
«Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының беташар рәсімі өтті.
Шараның мақсаты – ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ұлттық ғылым мен жазудың негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын таныстыру және тарату болатын.
Іс-шара аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ал baitursynuly.kz сайтында Ахаңның ғұмыры мен саяси-рухани қайраткерлігіне қатысты барлық дерек-құжаттар топтастырылған.
Таныстырылым рәсіміне алаштанушы, ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқар, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Қазыбек Иса, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова, алаштанушы, ф.ғ.к., PhD Сұлтанхан Аққұлұлы, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ оқытушысы, аудармашы, PhD Ақнұр Төлеубаева, филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұлов, ҚР ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманәлі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серікқали Байменше қатысты.Сондай-ақ, аталмыш жинақты құрастырушылар, аудармашылар, экспедиция мүшелері елдің әр өңірінен онлайн байланысқа шығып, сөз алды.
Бөлісу: