Сесар Айра. Пикассо

Бөлісу:

05.03.2024 2132

Бәрі де әлгі сиқырлы сүт құмырасынан Дию шыққан кезде басталған еді.

Ол менен:

Пикассо болғың келе ме? Әлде Пикассо картинасына ие болғың келеме? Қайсысын қалайсың? - деп сұрады. - екі тілегіңді де орындауға болады, алайда, екеуінің бірін ғана талдауың керек, - деді ескертіп.

Мен бұны жақсылап ойланып көруім керек еді. Нақтырақ айтсам бұған жақсылап талғам жасауым керек болды.

Аңыз-әңгімелер мен әдеби шығармаларда ашкөздік пен ақымақтыққа жеңіл-желпі қарағандықтан оның жазасын тартқан мысалдар толып жатыр. Мұндай игі іс болуы мүмкін емес деп сезетінің де сөз жоқ. Бұл тек ертегілер мен драмаларда ғана болады, реал өмірде қайдағы бұндай жақсы іс болсын? Қайдағы аспаннан майшелпек жауа қалсын дерсің. Сондықтан ешкімде бұны мұқият ойланып жатпайды. Оның үстіне ертегілерде шырға көп, әйтпесе қызық болмай қалады, әңгіме де өрбімейді деп сезінетінің даусыз. Бірақ кейде біз керемет мұқият қиялдаймыз.

Мен тек әлгі ежелден келе жатқан дәстүрлі үш талғам жөнінде болса, бір бекімге оңай келер едім. Ал мына Диюдың менің алдыма қойған тосын сыйының ішіндегі екеуі де нақтылы дүниелер. Қалай дегенмен, мен бұларды жақсылап салмақтап көруім керек.

Бұл бір ғажайып талғам. Алайда, жөнсіз емес, ісжүзінде бұл дәл уақытында туған іс болды.

Мен ерекше әсерленген және шексіз құрмет ішінде Пикассо мұражайынан айрылу алдында мені осы екеуінен артық өзіне тартатын өзге ештеңе де болған жоқ еді. Негізі ол кезде мен мұражайдан әлі алысқа кете қоймаған едім. Мен бақ ішіндегі алаңда бір үстелдің жанында отырғам. Соның аллында ғана кофеханадан барлық туристер ішіп жүрген сиқырлы құмырадағы сүттен бір бөтелке сатып алдым. Бұл күздің түстен кейінгі ерекше жайма-шуақты шағы еді. Тап-таза ауада күн сәулесі құйылып тұрған. Күн еңкейіп қалған шақ тұғын. Қалтамнан дәптерім мен қаламымды алып естелік қалдыруды ойладым да, бірақ ақырында ештеңе де жазбадым. Әлгі Диюдың сөзін қайтадан ой елегінен өткізе бастадым.

Егер бір дана Пикассо картинасына ие болу мен Пикассо болудың орайы қатар келсе қайсысын талдау керек?

Кім Пикассо картинасына ие болғысы келмейді? Қандай адам ондай сыйдан бас тарта алсын? Енді бір жағынан айтқанда, кім Пикассо болғысы келмесін?! Таяузаман тарихында адамның әуесін келтіріп, көзін қызартатын ондай тағдырға кімнің қол жеткізгісі келмейді? Шексіз құқыққа ие болғандар да онымен иық тіресе алмайды. Өйткені шексіз құқықтың өзін соғыс немесе саясат оп-оңай тұншықтыра салады.

Ал Пикассоның қуаты президенттер мен патшалардан да асып түседі. Ол жеңуге болмайтын күш. Әрқандай адам менің орнымда болса екіншісін талдауы сөзсіз. Өйткені екіншісі біріншісін де өз ішіне алып тұр емес пе. Пикассо өзі жақсы көрген барлық туындыларды сызғаннан тыс, елдің барлығына таныс көптеген туындыларын сақтаған. Мұның ішінде ең атақты туындылары да сақталған. Мен тұрған бұл мұражай оның жекеліқ мұражайына айналған (оның үстіне қартайған шағында, жас кезінде өзі сатып жіберген көптеген картиналарын қайтадан сатып алған).

Пикассо болғанның артықшылығы бұл ғана емес. Ұзақ болашақтан қарағанда «болудың» өзі «ие болудан» әлде қайда асып кетеді. Бұл дегеніміз шығармашылықтың сан қырлы шаттығының өзі адам ойлап жетпеген көкжиекке жетелеп апарады деген сөз.

Пикассо болу – кәдімгі нағыз тірі Пикассо шынымен қандай болса да «ерен Пикассоға айналу» дегенді білдіреді. Яғни сырлы, феномен Пикассо болу деген сөз. Бірақ мен өзімді жақсы білемін. Француз тілімен айтқанда: Je m'y connais-sais en fait de gènies (мен таланттың не екенін білемін). Сондықтан мен бұл істің ондай қарапайым емес екенін жақсы білемін. Көптеген себептер адамды екіұдайылықта қалдырады. Тіпті қорқып ондай тәуекелден бас тартуыңа тура келеді. Бір адам өзге бір адамға айналу үшін енді қайтып өзің бола алмайсың. Ешкім де бұндай өздігінен тастанды болуды қабылдай алмайды.

Пикассо өте маңызды адам. Денсаулығы керемет, тіршілікпен бетпе-бет келгенде көңіл күйі ерекше жақсы болған дегенді білдірмейді. Оның эмоциясы тұрақсыз болған. Мен бұны әртүрлі эсселерден оқығам. Бірақ дәл мендей тұрақсыз емес еді. Сондықтан, егер оған өзгерсем, мен алдымен өзімнің рухани саулық жағдайымды біршама дәрежеде теңшеуім керек. Оның үстіне мен ұзақ уақыттық сабырлық пен құлшынуымның арқасында өзімнің қорқынышымды, мазасыз көңіл-күйім мен және басқа рухани көңіл-күй кедергілеріммен тіл табысып, бірге жасап келе жатырмын. Ең кемінде мен оларды өзім меңгере аламын. Ал бұндай жігерім мен тәжірибелерім Пикассоның проблемаларын шеше ала ма, жоқ па оны бірдеме деу қиын. Бұл жағдайды сөзбен жеткізе алмасам да, біраз тіке түйсіктеріме сүйенген тұжырымдарым еді.

Бұның әсілгі мәні: бір түрлі салауатты белгілеудегі өздік менімді танудағы радикалды құбылыс деуге болады. Бұл мәселені ортаға қойған Малагалық маэстро ғана емес, біз ұстаз тұтатын, құрметтейтін, зерттейтін әрбір көркемөнерпазды қамтиды. Бұл жағдай Пикассоны өз ішіне алады, әрі оданда асып түседі. Салауатты тану дегеніміз келсе-келмес тұжырым жасай салатын нәрсе емес. Жалпылық мағынаға ие емес біртүрлі танымдық тұлғаны тану. Мәлім даралық ерекшелікке тән. Бұл немесе өзге индвидуал тұлғаны тану деген сөз. Ал егерде бұл адам Пикассо болса, осы жерде айтылғандай, одан басқа ешкім жоқ деген сөз. Ұғым өзін-өзі аударып кеткендей болды. «Пикассоны тану» емес «Пикассоға айналған адамды» тану (бұлай айту өте қара дүрсін болсада) деуге болар еді.

Ол жөнінде әлдекімдер қыруар эсселер жазғанда болар. Алайда Пикассоның көзін көре қалғандар ол жөнінде көрген-білгендерінен эссе, ол жөнінде бірер анекдотнемесе оның бір парша жайсызбасы дегендей жазып-сызып қалдырыпты. Осылардың барлығынан бір ортақ ерекшелікті байқайсың. Мысалы, мен ол жөнінде біртүрлі әрекет кедергіге ұшырау сынды мәселені байқағам. Ол адамның жазуынша шеберханасының еденінде жатқан бір парша қағаз оны қатты мезі етсе де, қағазды алып тастамайды. Сөйтіп ол қағаз еденде неше ай жатады. Осыған ұқсайтын бір жайыт менде де болған еді. Мәлім бір өте елеусіз, түсініксіз тыйым. Жігердің салдануы сияқты... бұндай жағдай мені шексіз шырмап, өзім істегім келген іске де мойын бұрғызбайды, салындым суға кеткендей болатын.

Пикассо бұл жағдайды өзінің шығармашылыққа деген аса қызғындылығымен, еңбектерімен жеңді. Бейне бірінен кейін бірін сызғанда сол бір жапырақ қағаз өздігінен ұшып кететіндей.

Мейлі қандай жағдай болмасын, барлық құбылмалы жағдайдан ол тынымсыз еңбектену арқылы өтіп кететін.

Суретші ретінде Пикассо ешқашан қайталанбас, бірден бір Пикассо. Сондықтан, мен Пикассо болсам барлық өзім жақсы көретін Пикассо туындыларын салар едім. Соңынан оларды сатып, қыруар ақшаға ие болар едім. Егер бұл маған көңілсіздік пен жалығу тудырған сәтте Пикассоның рөлін ойнауды доғарар едім. Өйткені қазіргі заманда ақша бәрін шешетін болды емес пе (бұл менің «болудың» ішінде «ие болуда» қамтылған дегенімнің себебі еді).

Бір рет Пикассо «менде тек қыруар ақша болған соң, кедейлер сияқты тып-тыныш өмір кешер едім», депті. Кедейлікте тұрған ешқандай мәселе жоқ деген бұл алдамшы сенімді сөз етпей-ақ қойғанның өзінде бұндай сезім адамды таңырқатады.

Бұл сөзді айтқан кезде ол әлдеқашан өте қалталы адамға айналған еді. Бірақ картиналарының құны үздіксіз жоғарлаған, дәл қазіргідей кезде яғни оның о дүниелік болғанына отыз неше жылдан кейінгі кезіндей есепсіз ақшалы емес еді.

Әрбір адам суретші өлгеннен кейін, шығармашылығы тоқтасымен оның туындылары өз құнын әйгілейтінін біледі.

Сондықтан «Пикассо болу» мен «Пикассоның картинасына ие болу» бейне өлім мен өмір арасындағы құласаң тұрмас құз-шатқал сияқты.

Тып-тыныш өмір сүру жөнінде оның сол бір ауыз сөзінің астарындағы шеберлікті айтпағанда, керісінше ұлы адамдармен арақатнасымды білдіретін мына жағдайға да сай келіп тұр. Бұл өзі өлімнің де арғы жағын көрсететін хабар. Менің ең талпынатын арманымның не екенін де танып жетуіме себеп болды. Шынайы, тыныш өмір кешіруім керек екенін ұқтырды.

Қазіргі зат бағасы және менің салыстырмалы қарабайыр тұтыну әдетіме негізделгенде, маған бір дана Пикассо картинасының өзі проблемасы жоқ ырғын да, тып-тыныш өмір сүруіме жетер еді. Сосын өзімнің жазбақ болған романымды жазып, ұнатқан кітаптарымды оқып, еркін демалсам...

Мен Пикассо картинасына ие болуға шешім жасадым.

Бұл ой миымда туысымен үстел үстінде картина пайда болды. Ешкім де байқамады. Алдынғы жақтағы үстелде отырғандар әлдеқашан кетіп қалған. Кофехананың күтушілері мен басқа туристер маған сыртын беріп отырған. Мен терең бір тыныс алып, бұл енді менікі болды деп ойладым. Керемет көз тартатын картина. Тым үлкен де, тым кіші де емес.

1930 жыллары салынған Пикассоның майбояулы картинасы. Мен бұған ұзақ қарап тұрдым. Алғаш көргенде бейнесі қым-қуыт өзгерген адам сұлбасы сияқтанды. Қабаттасқан сызықтар мен аласұрған, бірақ өз сәйкестігін тапқан бояулардан құралған секілді. Бірте-бірте көрерменнің көзіне симметриялдығын жоғалтқан, бірақ әсемдікке бай бір көрініс шығады. Бір сәтте ол тағы жасырынғандай болады, іле басқа бір тұстан көрініс береді, артында тағы одан адасамыз. Оның қылқаламды шебер ойнату (ол бір сызықта салу тәсілін істетеді) және барынша қалың рең беру тәсілі маэстроға тән өзіне деген сенімін көрсетеді. Ал бұған бейсаналық, виртуоздық шебер орындаушылық арқылы жеткен.

Бұл картинаның беткі ерекшелігі біртүрлі арбау қуатына ие. Адамды оның ішкі мазмұнына үңілуге жетелейді. Бірте-бірте бейнелік иероглифтердің мағынасына ұқсайтын бір нәрсе байқаған кезіңізде, ол бірде бұлдыр, бірде көрнекіленетүскендей болады. Бір қарағаныңызда бір шоқ гүлді көресіз, яғыни алқызыл түсті раушан гүлін байқайсыз. Қауашақтары әралуан жазықтықтан қалқып шыққандай болады. Тура қарағанда қайта өркендеу дәуірінің стилімен салынған тап-таза бір шоқ Жасмин гүлінің бейнесін айнадан көргендей боласыз. Ол жүзімнің бұрала өрмелеген тікбұрышты бейнесі сияқты. Екі шоқ гүлдің арасындағы бостыққа жылан бейнелі адам мен ешкі басты адамдарды салған. Ол адамдардың үстіне тар киімдер мен шолақ шалбар, сауыт, басына үкі қадалған бас киім немесе қоңырау тағылған сиықсыз шапкілер киген. Кейбірі жалаңаш, оның үстіне ергежейлі, қаба сақалды кейіпкерлер мен жазықтықта соқтығысып көрінетін классикалық Пикассо стилі.

Бұл сарайдың ең көрнекті көрінісі болған шығарма. Басындағы тәжіне қарағанда патшайымның обыразы екеніне көзіңіз жетеді. Бұл бір сиықсыз әрі әлсіз патшайым екені даусыз. Бейне бұзылған ойыншық секілді. Сымбаты мүлде қайқы-шойқы бұзылған әйел денесі. Пикассоның уәкілдік шығармасы ретінде ежелден мұнша шегіне жете бейнеленбеген. Аяқтары мен білектері денесінен ажырап кеткен. Кіндігі мен мұрны қайрыла арқасына қарап, бірін-бірі қуалап бара жатқандай. Жасанды денесі көз тартатын торғын-торқа мен көмкерілген. Ерапайсыз үлкен, биік өкшелі туфли киген, бір аяғы көкке қарай көтеріліп қалған...

Кенет әңгіменің желісі көз алдымнан жылжып өткендей болды. Көз алдымдағы бұл картина дәл дәстүрлі Испан ертегісінің желісінде салынған сурет. Дәлірек айтқанда әзіл. Өте ерте заманнан қалған сықак-мысал.

Пикассоның балалық шағында естігені болса керек. Айтылуынша бір ақсақ әйел патша болыпты. Ол өзінің ақсақ екенін білмейді екен. Ал, уәзірлер оған айтуға батылдары бармайды. Сарай уәзірі ақырында патшаға өзінің аянышты хәлін білдіріп қоятын бір әдісті ойлап табады. Ол бір реткі гүл өсіру бәсекесін жүргізеді. Патшалықтағы бағбандар өздерінің ең жақсы өсірген гүлдерін бәсекеге қатынастырса болады. Сарапшылар группасы ең ақырында бір шоқ раушан гүлі мен бір шоқ жасмин гүлін талдап шығады. Ең ақырында жүлдені қайсы гүлдің алатынына патшайым шешім жасайды. Салтанатты шарада барлық уәзірлер оң-солында тізіліп тұрады. Сарай уәзірі екі шоқ гүлді әйел патшаның алдына қояды. Одан соң өзінің айқын да саңқылдаған үнімен: «Su Majestadescoja», - дейді. Испан тіліндегі мағынасы «мәртебелім, қане талдау жасаңыз» деген сөз еді. Егерде ақырғы сөзді ажыратып оқығанда мағынасы: «мәртебелім ақсақ» болып шығады.

Бұл әңгімедегі түрлі-түстегі гүлдерге таңырқаған сарай жандайшаптары, семіз әрі аласа келген сарай уәзірінің (ол басқалардан едәуір зор денелі еді) сұқ саусағын көтеріп тұрған бейнесінен, ең маңыздысы патшайымның көлденең, тік жазықтықтарда қюласқан бөлшектері бейне жүз неше қайтара сындырған картаның ішінен тауып алған ақиқатты ақырында жоққа шығарған сияқты. Яғни бір парша картаны ортадан тең бөліп сындыра берсең ең көп болғанда тоғыз реттен аспауы мүмкін.

Бұл мысалдың бір қанша ерекшелігі бар. Ал Пикассоның оны образды суретке айналлыруы тіпті де терең мағынаға ие болады.

Алдымен кейіпкер өзінің аяғының ақсақ екенін білмейді. Адамдар өзінің бойындағы көптеген жағдайларды мүлде білмеуі мүмкін. Мәселен бір адам зады талант па жоқ па, көзалдағы мына мысалды айтсақ (бір алам өзінің ақсақ екенін, осынша айқын физологиялық ақауын білмейді дегенге сену қиын). Мұның себебі кейіпкердің отырған тағына, бірегей болмысына сай стандарттардан асып, өзіне баға бере алмаған.

Бірегей болмыс, дүниеде қайталанбайтын бір ғана Пикассо бар деген сөз. Картина туралы. Шабыт туралы. Бұл арадағы шабыттың қайнар көзі балаларға арналған ертегі. Бұл ертегіні ол ата-анасынан немесе кластастарынан естіген болса керек. Тіпті ол ана тілін іштей қолданатынынан да шығар. Өйткені, егер Испан тілі болмаса, бұл әзіл мысалдың да ешқандай мағынасы, ешқандай күлетін де мазмұны қалмас еді.

Бұл шығармашылық жұмысы барысында Пикассо Францияда тұрғанына отыз неше жыл болған. Қалай дегенмен де бұл бір ғажайып. Ол Испан тілінің ерекшелігіне сүйеніп, туындының құпиясын ашатын құпия кілт қалдырған. Әйтпегенде бұл суретті түсіну қиын еді. Ішкі соғыс кезінде Испан тілі оның көңіліндегі патриоттық сезімді оятқан болар. Бұл сурет ішкі соғыстың оты тұтанып жатқан кезде, бөлшектенген отанына деген құпия махаббаты болса керек. Немесе бұл алдыңғы тұспалыма қарама-қайшы болмауы да мүмкін. Қалай дегенмен де бұл туындының қайнары балалық шақтағы естеліктері. Оның көркемөнерлік шеберлігі жетерлік қуат пен еркіндікке толған кезде, балалық шақтағы естеліктерінің қарымжысын осындай бейнелеу өнерімен қайтарған болар.

Отызыншы жылдарда Пикассо жұртқа танымал симметриялды әйел картинасын салудың ұлы ұстазы болды. Лингвистиканың жаңылтпаш тәсілімен бір суреттің сырын ашу күрделеніп кетері рас. Алайда басқа бір мағнадан формасының қым-қуыт өзгеруі, осындай өзіне тән сызу әдісінің маңыздылығын көрсету үшін әйел патшаның образын жасауды талдаған.

Тағы да үшінші бір түрдегі болжам, алдыңғы екі болжаммен бірдей шықпайды. Яғни бұл суреттің сырлы келу қайнарын білдіруі мүмкін. Сол кезге дейін бұл суреттің бар екенін ешкім білмейтін, оның сырлылығы, құпиялығы туралы ешбір сыбыс шықпаған.

Ол менің алдымда  Испан тілді бір адамның аллында Марсел Душамп пен Раймонд Русселді қатты құрметтейтін Аргентиналық жазушының аллында өз құпиясын ашты.

Қалай болмасын, бұл даралыққа ие бірегей туынды. Бұл бір ғажайып феномен. Танымалдыққа айналған маэстроның картинасы. Әрқашанда ғажайып екені даусыз. Сол үшін оның бағасы рекорд жаратпауы мүмкін емес. Болашақ тамаша жоспарымды қиялдайтын әдетімді жалғастырудың алдында, бұл шедевер туынды туралы жақсырақ ой жүгіртуді жөн көрдім. Сол сәтте жүзімнен күлкі үйіріліп, жадырап сала бердім.

Бұл қиқы-шойқы сиықсыз әйел патшаны қым-қуыт үйіндінің ішінен шығарып алып, аяқ-қолдарын түгендеп, қайта құрастырсаң адамды әсерлендірмей қоймайды. Оның үгілмелі пішенеге ұқсайтын жүзі (егер сен оны таба алсаң) шоколад түсті қағазбен көмкерілген тәжі, ағаш қуыршақтікіне ұқсайтын қос қолы бәрі де ғажайып. Бұл бір центірсіз кеңестікті центір еткен сызбалар. Оның шәкірттері бір топ бірегей туындылар жаратты. Бұл туындылар оның қортынды шешімін күтуде. Гүлдің солғаны уақыттың өтпелілігінен дерек береді. Ол жөнінен айтқанда бұл бір мезгіл. Уақытты емес, қайта жалт етіп өткен бір сәтті білдіреді. Өмірдің елесін ашатын ең соңғы муза шығар.

Бұл әзілдің ең қатігез бір түрін де ойлануға болады. Әйел патша өзінің ақсақ екенін бұрыннан біледі (ол қалайша бұны білмей қалсын). Бірақ әдептіліктен аттамау, я формашылдық пен жасандылық дағдыға айналған заманда ол бұл тақырыпты амалсыз қозғай алмайды. Әрі бұл тақырыптан айналып өтуді жөн көреді. Бір күні оның уәзірлері өзара талас-тартыс жүргізіп, бұл жағдайды бетпе-бет айтпақ болады. Бұл реалдыққа үйлеседі. Алайда бұл картинаның мазмұнынан ондай мағына шығып тұрған жоқ. Ешкім әйел патшаны күлкі қылып, сайқымазақтан көңіл көтеруді ойламайды. Уәзірлер патшаға адал, тек оның шындықты білуін үміт етеді.

Сыртқы информация астарындағы талғам (жасырын информация) ақсақтықты білсе екен деген үмітпен оның алдына қойған белгілер. Ол естіген соң жол жүрген кезде, жердің не үшін теңселетінін түсінеді. Киімнің бір жақ өңірі не үшін қисық қиылғанын түсінеді. Баспалдақтан түскен кезде күтушілердің не үшін дереу қолтығынан сүйей қоятынын түсінеді. Олар гүлдің тілінен пайдаланып, мейірімділігін жеткізудің мәңгілік тәсілін тапқан. Бейне Диюдың маған берген екі түрлі сыйының біреуін ғана талдауым керек сияқты, олда патшалықтағы ең әсем гүлді талдауы керек.

Осы сәтте мен кенеттен түсініп, шаттықтан жүрегім жарыла қуандым. Мен бұрын мұны неге ойламағанымды білмедім. Бірақ ең бастысы қазір мен бұны түсініп жеттім. Түсімнен оянғандай шешуі қиын бір мәселенің жауабы табылған сәтте мені тағы екіұдайылық жұтып бара жатты. Мен әлі мұражайдың ішіндемін. Бұл жерден қалай да кетуім керек. Менің қалталы адам ретіндегі өмірім тек сыртта жалғасуы керек.

Ал мен Пикассо картинасын қолтығыма қысып мұражайдан қалай шықпақпын?!

Қытай тілінен аударған: Беделхан Мамырбекқызы

Бөлісу:

Көп оқылғандар