“Alqa” әдеби подкастының алғашқы шығарылымы жарық көрді

Бөлісу:

21.05.2024 1600

Таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігін жанынан құрылған жастар әдеби клубының алғашқы басқосуы өтті. Әдеби талқы жиналысына министр Аида Балаева арнайы қатысып, жас әдебиетшілермен бірге өзекті мәселелерді талқылады. Еліміздің түрлі аймағынан келген жас қаламгерлер әдебиеттің басты мәселелерін, кітап ісі, әдеби агенттік, балалар әдебиеті, аударма саласы бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бірқатар жұмыстар қолға алынды. Сол жиналыстың аясында министрлік жанынан «Alqa» әдеби клубы құрылған еді. 

Бүгін назарларыңызға «Alqa» әдеби клубы аясында шыққан жаңа подкасттың алғашқы шығармалын ұсынып отырмыз. Подкасттың басты мақсаты – әдебиеттің өзекті мәселелерін ортаға салып, жаңа тенденцияларды талқылау және жаңа туындылар мен авторларды насихаттау. Подкасттың алғашқы қонақтары – ақын Ақберен Елгезек пен жазушы Мақсат Рамазан. Подкасттың тізгіншісі – «Alqa» әдеби клубы төрағасының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, ақын Шерхан Талап. 

«Alqa»-ның бүгінгі отырысында, әңгіменің ауаны Мұхтар Мағауинмен кездесу төңірегінде басталып, өткен жолы қаламгер айтқан 40 жас жазушының тізіміне жалғасады. 

Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы, әдебиеттегі кәсібилік, бүгінгі тақырыптар сөз болды.

Ақберен Елгезектің әлі жарық көрмеген жаңа романы, сын қабылдау, көп мақталудың зияны, тіл мен форма секілді тақырыптар талқыланды. 

Алдағы уақытта, бұл шығарылым подкасттың тізгіншісі Шерхан Талаптың ұйымдастырумен дәстүрлі түрде жалғасын тауып отырады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар