"Кеш"

Бөлісу:

26.06.2024 1072

ҚАЛИБЕК  ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ  ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ 

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ  БІРІ,  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН  ҚАЙРАТКЕРІ,  АКТЕР  БОЛАТ  ЫБЫРАЕВТЫҢ 70  ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА  ОРАЙ «КЕШ» СПЕКТАКЛІНІҢ  АРНАЙЫ КӨРСЕТІЛІМІ  ӨТЕДІ

29 маусым күні сағат 18.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр негізін қалушылардың бірі Болат Ыбыраевтың 70 жас мерейтойына орай «Кеш» спектаклінің арнайы көрсетілімі өтеді. Бұл ерекше шара актердің шығармашылық жолын құрметтеп, театр әлеміндегі үлесін атап өту мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Авторы – Алексей Дударев. Қазақ тіліне аударған – Фариза Оңғарсынова. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретші – Дәулет Доспаев. «Кеш» қойылымына биыл – 15 жыл. 2009 жылы ақын Фариза Оңғарсынова аударма авторы ретінде спектакльдің репетицияларында болып, премьерасына қатысты. 

«Кеш»  - философиялық мағынасы терең шығарма. Спектакльдің негізгі айтар ойы: «ата-анамызға мейілінше қамқорлық көрсетіп, парызымызды өтеуден кеш қалмайық». Қойылымда бар болғаны 3-ақ актер өз өнерлерін ортаға салады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Ыбыраев, Күлия Қожахметова, Мейрам Қайсанов. 

Аннотация: «Келешегі жоқ» бүгінгі  ауылдың күйі. Онда тек балаларынан хат-хабар күтетін қарттар ғана қалған. Бар ермектері – құдықтан су тарту... Дударевтың «Кеш» спектаклін тамашалай отырып, Жаратушының адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты – жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қаласыз... 

Өтетін күні: 29 маусым, 18.00

Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru

+ 7 705 9902595 (whatsapp)

Бөлісу:

Көп оқылғандар