«Үздік комедиялық пьеса» байқауы

Бөлісу:

19.09.2024 222

«Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» республикалық драматургия байқауы жариялайды

«Үздік комедиялық пьеса» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Мақсат-міндеттері:

Комедияға құралған сахналық қойылым жазылуына қозғау салу; әзілдей отырып бүгінгі қоғамның бейнесін көркем жеткізетін туындылардың дүниеге келуіне жол ашу.

Талап-шарттары:

Байқауға жіберілген пьесалар, инсценировкалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған, театр сахнасында қойылмаған туындылар болуы шарт. Комедиялық пьесаның жанрына шектеу жоқ. (Трагедиялық комедия, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия).

Жеңімпаздарды елімізге танымал драматург мен режиссер, сатирик және театр сыншыларынан түзілген арнайы сарапшы топ анықтайды.

Келіп түскен пьесалар авторларының тегі көрсетілмей оқылады. Байқауға түскен пьесалар рецензияланбайды. Сарапшылар тарапынан көп дауыс алған шығарма жеңімпаз деп танылады. Байқауға жіберілген пьесалардың барлық құқықтары авторлардың еншісінде қалады.

Байқаудың өту уақыты мен марапаттау кезеңі:

Шығармалар 2024 жылғы 4 қыркүйектен 30 қарашаға дейін дейінгі аралықта қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2024 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады.

Жүлде қоры: 

– І орын (1) – 1 миллион теңге.

– ІІ орын (1) – 750 мың теңге.

– ІІІ орын (1) – 500 мың теңге.

Бұған қосымша, жеңімпаз деп танылған комедиялық драмалар «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры театрында қойылады.

Байқауға сахналық туындыларды ұсыну тәртібі:

– Байқауға 18-80 жас аралығындағы қаламгер-драматургтердің шығармалары қабылданады.

– Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, автор өзінің аты-жөнін, тегін, тұрғылықты мекен-жайын, байланыс телефондары, e-mail көрсетуі тиіс.

Авторға қойылатын талаптар:

Шығарма А-4 форматында, мәтіні 14 көлеміндегі Times New Rоman қарпімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне шектеу қойылмайды.

Өтінімдер мен жазылған материалдар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Электрондық пошта: nomad_cityhall@mail.ru. Почта: Мәңгілік ел даңғылы, 55/2 (В2.3) Астана қаласы, Есіл ауданы

Барлық сұрақтар бойынша тел.: 8 (7172) 33 65 82, +7 707 482 5011

 

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар