Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Алаштың сөнбес жұлдыздары
Рейтинг: 3.250
ISBN:
978—601—293—631—5
Беттер саны:
392 бет
Жанр:
  Естелік 
Алаштың сөнбес жұлдыздары
Ұсыну
Гүлнара Міржақыпқызы Дулатованың "Алаштың сөнбес жұлдыздары" атты кітабы әдебиеттің естелік - эссе жанрында жазылған ерекше дүние. Олай дейтін себебіміз, кітап авторы Г. Дулатова - Алаштың арыстарын көзі көрген арамыздағы жалғыз жан. Сонымен бірге қазақтың арыс ұлдарының бірі - Міржақып Дулатовтың жалғыз қызы. Кітап Алаш арыстарының көсемі - Әлихан Бөкейхановтан бастап, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймаутов, Мағжан Жұмабаев, және т.б. қазақтың зиялы қауымының өнегелі өмірлері мен істеген қызметтері, кеінгі қилы - қилы тағдырлары жүелі түрде жатық тілмен баяндалған.
Сонымен бірге асыл азаматтарымызды серік етіп, оларға өмірлік жар болған аяулы аналарымыздың да кісілік бейнелері, Кеңес үкіметінің тартқызған тауқыметтері де табиғи қалыпта әңгімеленген.

Сонымен қатар кітап Г. Дутатованың өз өмірінің де сан салалы тұстары шынайы шындықпен парақталған. Аталмыш кітап бүгінгі қазақ қоғамының рухани, тарихи, әдеби қорына қосылған асыл қазына.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар