Гүлнар Дулатова
Гүлнар Дулатова Міржақыпқызы - журналист, әдеби мұраларды жинаушы. Алаш қайраткері М.Дулатовтың қызы. Ол 1915 жылдың Орынбор қаласында туған. 1939 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1939-1987 жылдары дәрігер-дерматолог қызметін атқарған. Г.Міржақыпқызы «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы, Қостанайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарың кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Г.Міржақыпқызының очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап жариялана бастады. 1995-1999 жылдары «Свет истины» («Шындық шырағы») екі томдық кітабы жарық көрді. Сондай- ақ, Гүлнар әкесінің «Оян, қазақ!» кітабын, екі томдық шығармалар жинағын, бестомдық шығармалар жинағын құрастырушыларының бірі.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
12.11.2026
2116
15.11.2026
1753
17.11.2026
1501
17.11.2026
1242
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4777
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
