“Шәкәрімтану мәселелері” сериялық ғылыми жинағының бірінші кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген.
Жинақтың мақалалар бөлімінде Мұхтар Мағауиннің “Ақын, тарихшы, философ”, Қайым Мұхаметханұлының “Шаһкәрім” және Рымғали Нұрғалидың “Еңлік-Кебек трагедиясы” еңбектірі берілді. Естелік бөлімінде Ахат Шәкәрімұлының “Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім” естелігі берілген. Шәкәрімтану тарихынан бөлімінде Әлихан Бөкейхановтың “Қалқаман - Мамыр”, “Түрік,қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтың “Абайдан соңғы ақындар” және Мұхтар Әуезовтың “абай ақындығының айналасы” мақалалары берілді. Сондай-ақ, қазіргі дайындалып жатқан тұлғалық “Шәкәрім” энциклопедиясыеың сөзтізбесі де осы кітапқа енгізілген.
Еңбек зерттеуші мамандарға және Шәкәрімтану мәселелеріне қызығушы зиялы қауымға арналған.