Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Физика әлемі: Пәндік-анықтамалық энциклопедия
Рейтинг: 4.667
ISBN:
9965-893-62-4
Беттер саны:
650 бет
Физика әлемі: Пәндік-анықтамалық энциклопедия
Ұсыну
Физика әлемі пәндік-анықтамалық энциклопедиясы – ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 2 томдық жинақ. Физика пәнінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарында ғылымның беташар ұғымдары мен түсініктері жеңілдетілген нұсқада ғана таныстырылса, энциклопедиялық анықтамалықта әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды егжей-тегжейлі терең мазмұнды болып баяндалады. Әрбір құбылыстың құпия сырлары осы заманғы қалыптасқан теория аясында, мысалы, кванттық механика, кванттық электрдинамика бойынша түсіндірілген. Осы тұрғыдан алғанда «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне де ортақ болмақ. Сонымен қатар физика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлердің оқушыларына көп көмек тигізбек. Физика пәні мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұматтар беретін оқу құралы ретінде де пайдалануға лайықты анықтамалық болары сөзсіз.

Табиғат құбылыстарының (мысалы, найзағай, аспанның күркіреуі, домалақ найзағай, кемпірқосақ, Күннің, Айдың құлақтануын, аспанның түсі неліктен көгілдір, Күн батар кезде неліктен Күннің дискісі ұлғайып көрінетінін, поляр шұғыласы, сағым, т.б.) пайда болуын білгісі келетін физика әуесқойларының және көпшілік оқырмандардың танымдық білімін арттырмақ.

1988 жылы «Русский язык» баспасы шығарған инженерлерге, оқытушыларға, студенттерге, орта мектеп оқушыларына арналған «Физикалық түсіндірме сөздігінде» 3600 ғылыми атау қамтылған болса, «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясының 1-томында 1670-ден астам ғылыми атау, осыларға қосымша 500-ден астам ұғымдар мен түсініктерге анықтамалар тұжырымдалған. 300-дей физиктің суреттері жарияланды.

Анықтамалықтың соңында физика ғылымының даму сатысының жылнамасы туралы деректер топтамасы ұсынылды. Оған қосымша Нобель сыйлығымен марапатталған физиктердің тізімі жарияланған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар