Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қазақ көтерілістері
Қазақ көтерілістері
Рейтинг: 5
Автор:
ISBN:
978-601-7472-43-6
Беттер саны:
616
Қазақ көтерілістері
Қолдарыңыздағы жинақ қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарының құбылысы мен жұмбағын, тағылымы мен қорытындыларын, қозғаушы күштері мен басшыларын ғылыми-ақпараттық, теориялық-методологиялық тұрғыдан зерделеуге арналған. Мақала авторлары – негізінен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында еңбек етеді əрі осы мəселені көптен бері ой елегінен өткізіп жүрген мамандар. Жинақта 18-20 ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарының қайнар көзі, дəуірлері, себептері мен салдарлары, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі тəуелсіздік идеясымен үндестігі дəйектелген. Бұрын-соңды беймəлім болып келген деректер мен құжаттар ғылыми айналымға түскенін айрықша атап өткен абзал. Айтылған ойлар, ортаға салынған деректер оқырманның тарихи санасын оң қалыптастыруына септігін тигізсе, оқу-тəрбие үдерістерінде қолданылым тапса – қолдарыңыздағы жинақты шығарудағы мақсаттың өз үдесінен шыққаны деп білеміз.

Жинақта ұлт-азаттық қозғалысының тарихымен қоса, көтерілістердің туу себептері патшалық отарлау саясатының іс-шараларымен байланыстырыла көрсетілді. Сондай-ақ қазақ тарихындағы аса көрнекті тұлғалар мен өшпес тарихқа айналған оқиғалар, көтерілістер туралы əр кезеңде жазылған шығармалар жəне 20 ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған алаш қозғалысының азаттық жолындағы күрес қимылдары да қамтылған.

Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалысының тарихы жəне олардың көсемдері мен қаһарман тұлғалары туралы мол мағлұмат тұңғыш рет энциклопедиялық жүйемен бір жинаққа топтастырылып берілген бұл кітап жүрегі халқым деп соғатын барша оқырман қауымға, сондай-ақ ғалымдар мен студенттердің, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының пайдалануына арналды.

Көп оқылғандар