Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Арқаның Бетбақ деген даласы бар
Арқаның Бетбақ деген даласы бар
Рейтинг: 3.5
Автор:
ISBN:
ISBN 9965-06-007-Х
Беттер саны:
320
Жанр:
Повесть
Арқаның Бетбақ деген даласы бар

Жазушы Алдан Смайылдың  «Арқаның Бетпақ деген даласы бар» атты повестер жинағында XX ғасырдың қасіретіне айналған, Кеңес Одағы атты ұланғайыр кеңістікте үстемдік құрған қызыл идеологияның тұтас ұлтты қалай рухани жұтқа ұшыратқаны жайлы көркем баяндалады. Жинаққа енген «Күзде тасыған өзен», «Қыз бен Наурыз», «Соңғы жаз» повестерінде сомдалған кейіпкерлердің қиын тағдыры терең философиялық ойларға жетелейді. Қазақ әлемінде ұлттық нышандардың бірте-бірте жоғалуы, халық тарихының тоналуы, табиғи даму жолынан жаңылу ғасыр трагедиясына айналғанына иландырады.       

 

Қазақ әдебиетінде ашып айтуға мүмкіндік болмаған, енді-енді батыл көтеріле бастаған кешегі коммунистік режимнің расизм мен фашизм сарындары астасқан саяси астарын көркем сөзде бейнелеу өткеннің бағасын пайымдау үшін ғана емес, ұлттық тәуелсіздікті ұран еткен жаңа дәуірдің құндылығын сезіну үшін де қажет. Жазушы еңбегінің қөңіл аударар бір парасы да осындай.       

 

Халық трагедиясы сыртқы қысым рухани зұлматқа айнала келіп, ұлттың өз ішінен сол сайқал саясаттың сойылын соғушыларды тудырғанда қалыңдай түседі. «Арқаның Бетпақ деген даласы бар» повесін оқи отыра бұған шүбәсіз көз жеткізесіз. 

 

Жинаққа енген шығармалардың тілі көркем, ғасыр қасіретіне айналған санадағы жұт, рухани құлдырау секілді толғағы қиын құбылыстар әркімнің басынан өткен күнделікті өмірдегі көріністер арқылы нанымды өріледі. 

Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар