Алдан Смайыл І том
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың бұл кітабына «Тамұқтан келген адам» романы, «Арғымақ пен Агба» және «Күзде тасыған өзен» атты повестері еніп отыр. Романда қазақ халқы бастан кешірген зұлмат – ашаршылық жылдарының себебі мен салдары көркемдік-эстетикалық тұрғыдан зерттеледі. «Күзде тасыған өзен» повесінде өркениеттер қақтығысындағы рухани дағдарыстар жайлы ой қозғалса, «Арғымақ пен Агба» туындысы елден және еркіндіктен айырылудың трагедиялық салдарлары жүйрік жылқы мен сол тұлпардың күтушісінің қиын тағдырлары арқылы өрілген.
Жазушының тілі көркем, ой-толғаулары терең де қызықты.
Кітап қалың оқырман қауымға арналады.