Сатиралық комедия
КІТАПХАНА
Сатиралық комедия - Бұның юморлық комедиядан айырмасы зілінде, салмағында. Суреттеп отырған өмір құбылысының түп-тамырына балта шабуды нысана етуінде. Гоголь өзінің «Ревизор» атты сатиралық комедиясында патшалық Ресейдің төрешілдік билеу системасы мүлде іріп біткендігін сынады. Жалтақтық, жағымпаздық, өсекшілдік, мещандық, мақтаншақтық, жылпостық т.б. осылар тәрізді сұрқия мінездердің бетін ашып, халық сотына тартты. Пьесада ұнамды бір адам жоқ, Хлестаковтан бастап бәрі ұнамсыз, бәрі түкке арзымайтын адамдар. Пьесада көрсетілген адамдар да, олардың іс-әрекеттері де кішірейтіп көрсетілген
патшалық Ресейдегі билеу системасы. Мұнда бір-ақ ұнамды қаһарман бар, ол - күлкі деп автордың өзі айтқандай, жоғарғы
аталып өткен мінездердің иелерін өлтіре сынау, күлкіге айналдыру Гогольдің тарихқа тартқан тамаша сыйы болатын. Гогольдің «Ревизоры» үш түрлі әлеуметтік құрылысты басынан кешірді. Бірақ әлі сахнадан түскен жоқ. Өйткені адамның ой-санасынан капитализм қалдықтары әлі арылып болған жоқ. Өзімшілдік, жағымпаздық, өсекшілдік, жалақорлық тәрізді тамырымен құруы керек мінездер күні бүгінге шейін өзінің әлі құрып болмағандығын анда-санда болса да, көрсетіп қояды. Сондықтан Гогольдің жасаған тип-мінездері әлі өліп біткен жоқ. «Ревизор» соларды көпшілік сотына тартып, жойысуға атсалысады. Оның тәрбиелік
мәні де осында.
ҚАТЫСТЫ ЖАНРЛАР