Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Шағын әңгімелерге бәйге жариялайды

10.06.2014 2066

Шағын әңгімелерге бәйге жариялайды

54e50faf9b64.jpgIslam.kz порталы жазушылар арасында шағын әңгімелерге шығармашылық байқау жариялайды. Әдебиет – ар мен адамгершілік, иман мен ізгілік құралы, бүгінгі күннің айнасы. Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлиндер секілді шағын әңгіме жазудың шеберлері өз заманының ащы шындығын, қатпар-қатпар көрінісін көркемсөзбен төгілте суреттеген болатын. Бүгінгі күннің бейнесі де қазіргі жазушыларымыздың қаламынан туып, әңгімеге арқау болып жатса құба-құп. Бәйгеге түсер шағын әңгіме аз сөзбен көп ой айтса, қазақы мінезді сомдаса, ататанымымызды өзек етсе, жастардың жігерін жанып, жан дүниесін адамгершілікке баулыса, елін, жерін, дінін, ділін сүюге үндесе, жаманшылықтан жирентсе, тіпті қоғамда көрініс тауып жүрген қате діни түсініктерді түзесе деген үмітіміз бар. Әңгіме мазмұнының тікелей діни сарында болуы шарт емес. Өмірден алынған, ғибратты оқиға желісімен жазылған, тіпті қиялдан қиылған ақиқатқа айна болатын көркем әдеби дүниелер қабылданады.

Бас жүлде – 300 000 теңге

Бірінші орын –  200 000 теңге                      

Екінші орын – 150 000 теңге

Үшінші орын – 100 000 теңге

Ынталандыру сыйлықтары – 50 000 теңгеден үш адамға

Бәйге шарттары:

Бәйгеге жіберілетін әңгімелер көлемі 3-4 беттен (компьютермен терілген, 14 қаріп) аспауы тиіс. Бәйгеге қатысатын шығармаларыңызды angime@islam.kz электронды поштамызға жолдай аласыздар. Шығармалар 2014 жылдың қазан айының 1 не дейін қабылданады. Қоржынымызға түскен шығармалар сайтымызда жарияланып, оқырмандардың бағалауына ұсынылады. Оқырманнан оң бағасын алған үздік әңгімелерге арнайы құрылған қазылар төрелік етіп, тиісті жүлделерін береді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар