Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұраған Рахметұлы: Жан дыбысы, 16-шы мамыр...

16.05.2016 3044

Сұраған Рахметұлы: Жан дыбысы, 16-шы мамыр

Сұраған Рахметұлы: Жан дыбысы, 16-шы мамыр - adebiportal.kz

Suragan-11.jpg

Шетсіз, шексіз көсілген көбесі кең

леб, із...

Ызғырық жел өңмеңдеп, күй кернеген

қаныңда?!

Құзғын ырым бұл да өзі, түсінеміз, білеміз...

Кеш түнейді кей сәтте, еш жылусыз жалындай!

Белдің жарым бөлігі, көл бетіне

малынған,

Желдің бұлдыр көзінде бедері көп сыңғырлы,

Қалың мұздың сызылған дыбысындай жарылған!?

Қисабы жоқ қиямет, қыр кешеді

мыңғырылып!

Жақын, алыс, шексіздік – өлшем осы үш түрлі

Күллі әлемнің кіндігі кірме тінге матаулы,

Ішімдегі үнсіздік тынысыма қыстырылып,

Қажеті не ендеше ғарыш деген атаудың!?


 

 

 

 

* * *


 

Уақытым баяу бір қалқып өтер...

Жаңа ұқтым

Небір сәттің әлегі – дем ішінде неңізі,

Отау үйдің түндігін жүр өбектеп мамық түн,

О, құдірет құлаққа жылап сіңген жел ізі...

Жұптың жұлдыздары тұр

жұрынында жабықтың!?

Ғұмыр осы бейтаным, ені келте, жеңі ұзын,

Төңкерілген жанарын жағалаған үн өңі!

Жалау бұлттың сауырын жалқын жалақ

емізіп,

Айдың аппақ алауы кірпігіңе түнеді...

Кірпігіңде түнеді мүлгу түннің лебі,

Көкшіл шуақ көшіп жүр көздің жасын іркіп ап,

Шақтың шарқат мойынында

таңның әппақ білегі,

Аққу ұшып өтеді көлдің иісі бұрқырап!

Беймезгілдің мінезі мекіренген үнемі,

Ойлар шулы – осылай жол кешеді

шырқырап.

Жыртық-жыртық жүрекпен ең ақырғы тілерім;

Ай-на-лай-ын дейміз ғой,

ай шетінен қырқып ап!!!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар