Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сәбит Жәмбек: Мұнда қаһарман жоқ - ол тек Сөз (Умб...

20.06.2017 4302

Сәбит Жәмбек: Мұнда қаһарман жоқ - ол тек Сөз (Умберто Эконың Есімі Роза романы туралы)

Сәбит Жәмбек: Мұнда қаһарман жоқ - ол тек Сөз (Умберто Эконың Есімі Роза романы туралы) - adebiportal.kz

«Имя Розы» («Есімі Роза») – романы итальян жазушысы, Болонья университетінің профессоры Умберто Эконың бірінші романы. Алғаш рет итальян тілінде 1980 жылы жарияланған. Роман постмодернистік шығарма туралы Умберто Эконың теориялық идеяларының тәжірибе жүзінде іске асуы ретінде көрініс табады.

Ол әр түрлі оқырмандар аудиториясына жетімді түрдегі бірнеше мағыналық қабаттарды қамтиды. Салыстырмалы түрде кең аудитория үшін «Имя Розы» романы – тарихи декорациядағы күрделі құрылымды детектив, бұдан гөрі тарлау аудиторияға дәуір туралы көптеген қызғылықты мәліметтері бар және бірсыдырғы декоративті, детективті сюжеті бар тарихи роман, ал бұдан да тарлау аудиторияға – ортағасырлық дүниетаным мен қазіргі табиғат туралы және әдебиет мақсаты, оның дінмен қабысуы, олардың адамзат тарихындағы орны және осыған ұқсас мәселелер туралы философиялық-мәдениеттанушылық толғаныс сипатындағы шығарма ретінде қабылданады.

Романдағы кездесетін аллюзиялар шоғыры өте кең және олардың көпшілікке белгісі де, тек қана мамандарға белгілі жайттар да сұрыпталған. Кітаптың басты кейіпкері Вильгельм Баскервильский бір жағынан Уильям Окскамаға, едәуір Аксельм Кентерберейскийге, тағы бір жағынан Шерлок Холмсқа (дедуктивті әдісті қолданады, Холмс туралы ең белгілі мәтіндердің бірінің атымен аталады, бұдан басқа олардың серіктерінің арасындағы параллель айқын – Адсон және Ватсон). Оның басты қарсыласы, монастырдың соқыр кітапханашысы Хорхе – постмодернистік әдебиеттің классигі Хорхе Луис Борхестің образына негізделген күрделі құрылымдағы пародия, сонымен қатар ол Аргентинаның ұлттық кітапханасының директоры болып, қартайғанда соқыр болып қалады (сонымен қатар Борхеске «вавилон кітапханасы» сияқты өркениеттің әсерлі бейнесі тиесілі болып, одан бәлки Умберто Эконың барша романының негізі қалануы мүмкін).

Роман оқырмандар назарына цитата калейдоскопы, бөтендердің пікірлері және классикалық мәтіндер үзіктері ретінде көрініс табады. Романдағы негізгі ұстаным – оқырмандарды көңілдендіруге шақыратын көңіл көтерушілік және жаңа пішін иеленген белгілі тұжырымдарға назар аударту.

Романда сөз ойыны, ирония басты позиция иеленеді. Романдағы оқиға он төртінші ғасырда өріс алып, оқиға орыны Италияның Франциямен шектесетін солтүстік-батысындағы аббаттықта өтіп, роман фабуласы классикалық үлгідегі детектив жанрында құрылып, кейбір жағдайда белгілі із кесуші Шерлок Холмс туралы шығарманы еске түсіреді. Тіпті романдағы басты тұлғалар – монах Вильгельм Баскервильский мен оның сенімді шәкірті Адсон есімдері біздің санамызда белгілі із кесуші мен оның көмекшісінің ассоциациясын туғызады. Тіпті Вильгельм Баскервилдің қашып шыққан биенің сыртқы тұрпатын дәл де сенімді сипаттаудағы «дедуктивті әдісті» қолдануы, сонымен бірге оны тез табуы, Шерлок Холмс туралы белгілі цитатаға оралтып, оның пародиясы ретінде көрініс табады.

Біздің алдымызда орта ғасырлық дәуірдегі детектив бой көрсетеді, ал қаһарман аббаттықтағы болып жатқан әр түрлі қылмыстар түйінін шешуге ұмтылады. Алайда автор дағдылы схемаларды бұзады және Вильгельмге бірінен соң бірі орын алған: монахтардың белгісіз жұмбақ жағдайлардағы өілімі, баға жетпес қолжазбалары бар кітапхананың қорқынышты өрттің жалынында күлге айналуы сияқты көптеген қылмыстардың алдын алып, шеше алмайды.

Детективті фабула кездейсоқ алынбай, ол оқырмандарын романның алғашқы бетінен соңғы бетіне дейін ширығу үстінде ұстауға мүмкіндігі бар. Вильгельм барлық кісі өлтірудің ұйымдастырушыларын табуға ұмтылады, бірақ іс жүзінде олар мүлде болмаған. Және ол өзінің тағдыр жүктеген қателігін мойындауға мәжбүр болды. Ол бұл әлемде барлығы белгілі бір тәртіпке бағынады деген қиялдың соңынан жүгіреді, алайда шын мәнінде дүниеде тәртіпсіздік, хаос етек алған, сондықтан да оның ақыл қорытындысы, ақыл түйіні күйреуге ұшырайды.

Романда көптеген иллюзиялық аспектілер орын алады. Жазушының шынайы мақсаты мен нағыз ой өзегі орта ғасыр туралы роман болса да, басты қаһарманы қандай да бір нақты қаһарман емес, ол қаһарманның тек Сөз болып келуін құптайды. «Имя Розы» романы көркем сөзді қорытындылайтын әмбебап тілді қалыптастыруда үлгі болды.

Сәбит Жәмбек, филология ғылымдарының кандидаты


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар