Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада «Зере» драмасының премьерасы өтеді

23.08.2017 1591

Астанада «Зере» драмасының премьерасы өтеді

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры тамыз айының 23-24 күндері сағат:19.00-де «ЗЕРЕ» атты драманың премьерасын ұсынады.

Ұлт ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Ұлықбек Есдәулеттің драматургия бағытындағы алғашқы «Зере» атты пьесасы – Қаллеки театрының актрисасы, Қазақстанның Халық артисі – Гүлжан Әспетованың сахнадағы 50 жылдық шығармашылығына орай актрисаның табиғи таланты мен ерекше болмысына арнайы жазылған туынды. Қазақ театрының киелі сахнасына 1967 жылы алғаш Қарагөз болып қадам аттаған актриса бүгін 70 жылдық мерейтойында алғашқы Зере Ана образына жолын ашып, ғұмыр сыйламақ.

Драма кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» атты роман-эпопеясынан бек таныс классикалық кейіпкерлерді көрермен қауыммен қайта жүздестіреді. Алып – анадан туады. Абайдың әкесі Құнанбайдың ағасұлтан болмас бұрын, жас шағында дана, мейірбан анасы Зереден алған тәлім-тәрбиесі тектіліктің нышанына айналады. Зере – от басы, ошақ қасындағы өктем бәйбіше ғана емес, елінің мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін көре білетін дана, мейірбан ана.

Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрқанат Жақыпбай. Қоюшы суретшісі – Берік Бурбаев.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар