Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәдениет қайраткерлері Жолдауды түсіндіру бойынша ...

03.03.2017 3614

Мәдениет қайраткерлері Жолдауды түсіндіру бойынша дөңгелек үстелге қатысты

Мәдениет қайраткерлері Жолдауды түсіндіру бойынша дөңгелек үстелге қатысты - adebiportal.kz

3 наурыз күні «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» басшылығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ағымдағы жылға арналған Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

77f585d7e3ea94d469d016e8b430b10d.JPG

42c3003d6b2f6449c259a98fd14ecdeb.JPG

69e025f997ec9a62a96cc606f1c47e9a.JPG

Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандап өткен асыл арманы. Еліміздің осындай биік белеске жетуі, әлем мойындаған Қазақстан Республикасы атануы - бабаларымыздың жау желкеден алғанда, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сан ғасырлар бойы күресуінің жемісі.  Елбасымыз 30 қаңтар күні Ақордадан дәстүрлі жолдауын Қазақстан халқына жариялады. Мемлекетіміздің үшінші мүшелге аяқ басқан шағында жарияланған жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады. Елбасымыздың әрбір жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Мәңгілік ел болу жолында көшбасшымыздың жасаған әрбір қадамы қанатымен су тасыған қарлығаштың тіршілігіндей екені даусыз.


Осындай еңбектің өлшеусіз екенін ұғындырып, жан-жақты түсіндіру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Салтанат Сейдімбек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали қатысты.


Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр қазақ елінің тарихында ойып тұрып орын алар «Алтын ғасыр» деген атпен мәңгілік қалуы керек. Мәңгілік ел болу жолында бізге ештеңе де кедергі емес. Себебі біздің мемлекеттік тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлан-байтақ жеріміз, бірлігі жарасқан халқымыз да бар. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, қазақ елі қарқынды дамып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына енді.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар