Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Елордада түрік әскерлерінің ерлігіне арналған фотокөрме өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

17.03.2017 2120

Елордада түрік әскерлерінің ерлігіне арналған фотокөрме өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін елордамыз Астанада Чанаккале жеңісінің 102 жылдығына орай XX ғасырдағы түрік әскерлерінің ерлігіне арналған «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрме өтті. Әр халықтың тарих беттерінде ұмытылмас із қалдырған ұлы шайқастар бар. Қазақ халқы үшін Аңырақай, Бұланты, Орбұлақ шайқастары қандай мағынаға ие болса, Чанаккале шайқасы да түрік халқы үшін үлкен маңызға ие.

Көрмеге мемлекет және қоғам қайраткерлері, елші, жазушылар, мен қала қонақтары қатысты. «Юнус Эмре» түрік мәдениет хоры Чанаккале қаһармандарына арналған халық әндерін тыңдармандар назарына ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрмені тамашалай алмағандарға жақсы мүмкіндік ертең, яғни 18 наурыз күні де жалғасын табатынын жеткіземіз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар