Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астана күнінің логотипіндегі тарихи дата

19.06.2014 1551

Астана күнінің логотипіндегі тарихи дата

78f873c8e4b545657b3f7ab181b.jpg

Елорда күнін атап өткен жылдар ішінде бұл мерекенің ерекше бейнесі мен стилі қалыптасты. Бұл күндері мерекелік афишалар мен билбордтарға басылатын фирмалық белгіні де қала тұрғындары жақсы таниды.

Елорда күнінің логотипі 2009 жылдан бері ресми түрде қолданылып келеді. Жобалаушылар онда Қазақстанның бас қаласының Астанаға ауыстырылған жыл - 1998 санын бейнелеуге тырысқан. Символда қаланың елорда атанған жылы мен бұтақ жайған ағаштың бейнесі үйлестірілген. Логотипте озық дизайндық шешімдер мен дәстүрлі бейнелеу тәсілдері қолданылған. Ал ою-өрнек элементтері ашық түсті мозайкалы өрнектерге негізделген.

Ұйымдастырушылар елорда күніне орайластырылған мерекелік шараларға бір миллионға жуық қазақстандық қатысады деп болжап отыр. Олардың назарына мазмұнды әрі қызықты бағдарлама ұсынылатын болады.

astana.gov.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар