Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

09.08.2024 1006

Адамзаттың Абайы 14+

Адамзаттың Абайы - adebiportal.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Абай күніне орай  «Адамзаттың Абайы» атты рухани іс-шарасы өтті. Шараның басты мақсаты ұлы ойшылдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау.  Абай – ұлт ұстазы, қазақтың адас­тыр­мас темірқазығы. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз мақаласында Абайды рухани өміріміздің темір­қазығы ретінде қабылдауға шақы­рып, мол мұрасының ұлт болып бірле­суі­мізге, ел болып дамуымызға тигізер пайдасы зор екеніне аса мән беріп, ақын сөзде­рінің бүгінгі заманда да өзектілігіне жұрт­шылықтың назарын аударғаны белгілі.

Іс-шара аясында "Абай - тұтас бір әлем" атты кітап көрмесі, жазушы Қалибек Алтыбаевтың «Абай әлеміне саяхат» кітабының таныстырылымы, «Абайтанудың заманауи дамуы жайында»  атты ғылыми дәріс, «Бала Абай» атты сторителлинг,  «Абай өлеңдері әлем тілдерінде» атты шет тілдерінде ақынның өлеңдерін оқу шаралары өтті. Сонымен қатар шарада қазақтың қасиетті қазынасы- Абай мұрасы жан-жақты насихатталып,  Абай әндері әуеледі.

Әдеби шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, Абайтанушы ғалымдар, ақын-жазушылар,  БАҚ өкілдері, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктер өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар қатысты. Абай күнінің мерейіне орай, порталымыз бүгінгі іс-шарадан шағын фоторепортаж ұсынып отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар