Шахизада Әбдікәрімов
Шахизада Әбдікәрімов 1957 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. ҚазМҰУдың журналистика факультетін бітірген. Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, Байқоңыр қалалық телекомпаниясының төрағасы, республикалық «Қазақстан–1» теледидарының Қызылорда облысы және Байқоңыр ғарыш кешеніндегі меншікті тілшісі, Қызылорда арнайы экономикалық аймағы теледидарының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы.
Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» кітабына енген. 1983 жылы «Қарлығаш» ұжымдық кітабында өлеңдері жарық көрген. «Байқоңыр», «Төрткүл» өлеңдер жинағының авторы.
Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы «Байқоңыр» өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
