Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Mecenat.kz» роман байқауының 4 маусымы басталды...

05.09.2024 400

«Mecenat.kz» роман байқауының 4 маусымы басталды 14+

«Mecenat.kz» роман байқауының 4 маусымы басталды - adebiportal.kz

Mecenat.kz – Қазақстан туралы ең үздік роман байқауының 3 маусымының жеңімпазы өмір бойы ай сайын төленетін 500 доллар ұтып алды. Mecenat.kz-тің 4 маусымы ашық деп жарияланды.

2024 жылдың қыркүйек айының 2 жұлдызында Алматыда «Өмір батерегі» романын жазған Досжан Сәуле Мағазбекқызына «Freedom Support USA»бағдарламасы бойынша ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру шарты жасалды. Бұл роман www.mecenat.kz әдеби байқауының қорғалған сайтында оқырмандардың дауыс беруі нәтижесінде жеңіске жетті. Әдеби байқаудың сыйақы мөлшері – өмір бойы ай сайын 500 долларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күніндегі бағамы бойынша теңгемен) құрайды. Келісімшарт қазақстандық «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-мен жасалды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 2.2.51 лицензиясы).

2024 жылы, қыркүйек айының 2 жұлдызында Алматыда байқау жеңімпазы М.Әуезов мұражай үйінде өткен марапаттау рәсіміне қатысты. Спикерлер:

- Жобаның негізін қалаушы Асқарбеков Ерлан Қуанышұлы.

- «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының президенті Мусина Бағлана Батырбекқызы.

- М.Әуезов мұражай үйінің директоры, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директор орынбасары – Қонаев Дияр Асқарұлы

-«Zerde Publishing» баспасының бас директоры – Данияр Жабаев

-Жобаның меценаты, танымал қазақстандық қаржыгер – Тимур Турлов

- АҚ "КСЖ "Freedom Finance Life" Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - Мухтыбаева Айман Абдикаппарқызы

Жобаның меценаты, танымал қазақстандық қаржыгер Тимур Турлов өзінің бейне үндеуінде жеңімпаз деп жазушы Сәуле Досжанды жариялап, құттықтады.

Ерлан Асқарбеков екінші орын алған «Көктегі көлеңке» романының авторы Темірлан Қылышбекке өз атынан 500 000 теңге көлеміндегі эксперименттік, бір реттік сыйлықты табыс етті.

Ерлан Асқарбеков Mecenat.kz әдеби сыйлығының 4 маусымын ашық деп жариялап, 15.03.2025 дейін романдардың қолжазбасын қабылдау басталғанын хабарлады.

2022 жылы «Күлпет» романымен жазушы Шархан Қазығұл жеңімпаз атанды. 2023 жылы «Өлгендер қайтып келеді» романының авторы Тұрысбек Сәукетаев жеңіске жетті.

Оқырмандардың ең көп даусына екі роман ие болды. Телефонмен хабарласып, оқырмандардың дауысын тексергеннен кейін «Өмір бәйтерегі» романына берілген 568 дауыстан 289-ы қарапайым сұрақтарға (аты-жөні, өңірі, қай романға дауыс бергені) жауап беру арқылы берген дауыстарын растады. «Көктегі көлеңке» романына 170 оқырманның 75-і берген дауыстарын растады. Сонымен, 3 маусымның жеңімпазы «Өмір бәйтегі» романы.

Ридерлер мен супер ридерлер тобының екі апталық жұмысынан кейін 3 қазақ және 3 орыс тілінде 6 роман таңдалды:

1) «Көктегі көлке», Қылышбеков Темірлан Бақытбекұлы

2) «Құндыз», Райымқұлова Гүлсара Дәулетқызы

3) «Өмір бәйтерегі», Досжан Сәуле Мағазбекқызы

4) «Алмазные двери», Воронцов Эльдар Олегович

5) )«Аманта Сари, или война Алой и Белой розы», Тоқсанов Нұрлан Нұрпейісұлы

6) «Возвращение», Омар Әсел Талғатқызы

Байқауға барлығы 40 қолжазба тіркелген, оның 17-сі қазақ тілінде, 23-і орыс тілінде. Бір қолжазба алыс шетелден келді. Авторлардың арасында 10-ға жуық кәсіби жазушы, 7 әйел, 2 университет студенті бар.

Әдеби сыйлықтың принциптері:

- Мемлекеттік бюджеттен толық тәуелсіздік. Ұйымдастырушылар мемлекеттік органдардан үнемі сұрайтын жалғыз нәрсе – ақпараттық қолдау;

- жасырын және ашық мүдделер қақтығысы болмас үшін, қазылар алқасы болмайды. Оның орнына, оқырмандардың дауысымен шешіледі;

- Оқырман дауыстарын мұқият тексеру.

Жоба серіктестері:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ 

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ бас ақпараттық серіктесі

«Хабар» АҚ ресми ақпараттық серіктесі

«NUR Media» холдингі

«QazContent» АҚ

«Қазақ газеті» ЖШС

«Аманат» кеші

Қытайдағы қазақ қауымы https://mp.weixin.qq.com/s/uxbMthnHGSg4i9xgkkOM7A

Моңғолиядағы «KazNews.mn» ақпараттық агенттігі

Моңғолиядағы «Баян Өлгий» радиосы

Өзбекстандағы «Нұрлы жол» қоғамдық газеті

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысу үшін:

pr@mecenat.kz

+7 775 854 0068


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар