Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Драмалық шығармаларға байқау

17.03.2014 1928

Драмалық шығармаларға байқау

 

teatr_kuanushbaeva01.jpgАстана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры  қазақ  тарихындағы ірі тұлғалардың бірі,  әйгілі жырау,  халық батыры, дуалы ауыз шешен, қол бастаған көсем Қожаберген Толыбайұлы жайлы драмалық шығармаларға арнап байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты: 

Қожаберген Толыбайұлы – өз заманында сан қырлы талантымен танылып, қазақ халқының ерекше құрметіне бөленген аса дарынды мемлекет қайраткері, үш жүз қолының сардарбегі болған асқан батыр қолбасшы, Әз-Тәукенің тұсында қазақ мемлекетінің нығаюы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ірі саясаткер, Бұқар жырауға ұстаз болған теңдессіз сөз зергері, Абылайға кеңес берген көреген би, өзінің ақындық және батырлық мектебін қалыптастыра білген ұлт қаһарманы. 

975717_289864697836851_547315582_n.jpgҚожаберген Толыбайұлы (1663-1763) XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында  өмір сүрген. Қожаберген жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының ұрпақтарының қолында өсіп, Үргенші, Бұқара, Самарқан медреселерінде оқыды, араб парсы тілдерін меңгерді. Ол өзiне дейінгi қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде шығыстың жетi жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып, солардан нәр алды. Он үш жасынан ақындыққа бет бұрған ол он жеті жасында аңыз әңгімелерді өлеңмен жырлады. Қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата тек» дастанын жазды. Тәуке хан тұсында Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары мен парсы, түрікмен елі арасында елшілік қызмет атқарды. 1688 жылы Әз Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы етіп сайлады. Ол 23 жыл жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ жасағының бас қолбасшысы болды. 


Байқаудың мақсаты – Қожаберген Толыбайұлының асқан батырлығын, көрегендік қасиеттерін келер ұрпаққа насихаттау.  

 Байқаудың көркемдік шарты:

–          Жырау жайлы пьеса батырдың талай арпалыста өткен өмірі мен сол кезеңдегі тарихи тұлғаларды қамтитын сахна заңдылықтарына сай шығарма болуы тиіс. 

–          Кейіпкерлердің сөз саптауынан дәуір тынысы сезілетін, талас-тартыстары тарихи оқиғаға негізделген туынды драма жанрының талаптарына  сай жазылуы  керек.

Драма бәйгесіне қатысқан пьесалардың арнайы жүлдесін театрдың көркемдік кеңесі анықтайды.  Жүлде тек таңдалған бір шығармаға қаламақы ретінде  төленеді. Үміткерлердің  туындылары  2014 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Ж. Омаров көшесі, 47/б

Байланыс телефон нөмірі: +7 (7172)32-35-12, электрондық пошта адресі:  kazteatr@mail.ru

Сурет авторы: Анатолий Бургаев


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар