Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Кәкей ақынның тойы басталды

20.11.2017 2073

Кәкей ақынның тойы басталды

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында танымал ақын Кәкей Жаңжұңұлының туғанына 70 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Аймақтық орталық кітапханада басталған салтанатты шараны Баян-Өлгий аймағы әкімдігі Әлеуметтік іс-шаралар бөлімінің басшысы Бегжан Казбекұлы ашып сөз сөйлеп, ақын тойын өткізуге арналған комиссия құрылғанын, тиісті қаржы шешілгенін атап өтті.

Ақын тойының Байөлке аумағындағы ашылу салтанатына алыс шеттегі Бұлғын өлкесінен ақының бауыры Ж.Тиянақ, 85 жастағы жездесі Әзімхандармен қатар, қара шаңырақ иесі Тоқтар Кәкеұлы бастаған ұрпақтары қатысты. Аймақтық Мұсылмандар орталық қоғамы төрағасы Азатхан хажы Мұқанұлы, ақындар Сұраған Рахметұлы, Рысбек Зұрғанбайұлы, бұлғындық мәдениет орталығының басшысы Қалиасқар, ақының достары мен әріптестері мен өзге де азаматтар естіліктерін айтып мерекелік құтықтаулар жолдады.

Кеш барысында ізгі тілектермен қатар, әсерлі әңгімелер айтылды. 6-сынып оқушысы Ақтанберді ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ұланбатырда жарық көрген жыр жинағының тұсауы кесілді.

«Мен – қазақпын», «Барам апа, көктемде» т.б. тамаша туындылары барша қазақтың жүрегінде жатталған, ән болып тербелген Кәкей ақынның мерейтойы жыл соңына дейін өз жалғасын таппақ.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар