Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланды

20.08.2018 688

Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланды

Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланды. Баба атындағы ауданнан 55 шақырым жердегі Керней ауылының іргесіне жүзге тарта киіз үй тігіліп, ас берілді. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, мерекелік концерт қойылды.

Баба тойына арналған салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР Парламент депутаттары, Кереку жəне Маңғыстау облысының өкілдері, белгілі мемлекеттік жəне қоғам қайраткерлері, аймақ тұрғындары қатысты.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртістері Бұқар жыраудың өміріне арналған «Күміз көмей әулие» қойылымымен мерейтойдың шымылдығын ашты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды.

Жиылған халықты Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығымен құттықтаған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірде ұлы бабаның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған шаралардың әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.

— Біздің мерекемізге Кереку мен Маңғыстау жерінің өкілдері, құрметті, белгілі қонақтар келді. Аймақ тұрғындары атынан тойға ортақтасқандарыңызға алғыс айтқым келеді. Біздің кемеңгер жырауымыздың тойы – бұл тек қарағандылықтардың ғана емес, павлодарлық ағайынның, жалпы еліміздің тойы. Бұқар жыраудың сөзі Сарыарқадан Алатауға, Атырауға тарады. Жырау: «Егер халық игілігі үшін барлығын жасаса, халық арасында да ауызбіршілік болады» деген. Бұқар бабамыз елдің тәуелсіздігін, бірлігін армандады. Оның арманы орындалды. Біз егемен елде тұрамыз. Бұқар жыраудың 350 жылдығын тойлау бүгін аяқталмайды. Күзде ауқымды ғылыми-практикалық конференция өтеді жəне бірінші кезекте жастарды Отанын сүюге, патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған бірқатар мерейтойлық шаралар жоспарланған, — деді өз құттықтау сөзінде Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, мерекелік концертте қазақстандық және шетелдік әншілер өнер көрсетіп, жиылған қауымға әннен шашу шашты. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Жамиля Баспакова, Тәжікстанның «Хайрулло Дадобоев» фольклорлық ансамблі, Тəттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптарының академиялық оркестрі, сондай-ақ Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері мен Қарағанды облысының барлық аудандарынан келген өнерпаздар бар.

Мерейтой ұлттық спорт ойындарымен жалғасты.

Ortalyq.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: бұқар жырау
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар