Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Кім білгіш?»: жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады

02.06.2021 313

«Кім білгіш?»: жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады

«Кім білгіш?»: жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы халықаралық онлайн турнирге қатысуға шақырады.

Оқушы бұл ойынға қатысудан не алады: зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамыту, есте сақтау, елестету қабілеттерін, сонымен қатар шығармашылық белсенділіктерін арттыру, елдің мәдениетімен, тарихымен танысу және бағалы сыйлықтар.

«Кім білгіш?» турнирі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ойын жыл сайын жаңартылып, жаңа сұрақтар қосылуда. Алдыңғы ойындардың қорытындысы бойынша республиканың әр өңірінен келген 50 жоғары сынып оқушылары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтардың иегерлері атанды (ноутбук, планшет және смартфон).

Ойынды қатысушының қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде ойнауға болады.

Онлайн-турнирге қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығында қабылданады. Турнирге өз өтінімдерін www.qazaq-found.kz сайтындағы турнирдің арнайы парақшасына алдын ала жіберген республиканың және шет елдердің барлық орта мектеп оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

I және II кезең 2021 жылдың 1 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін қашықтан, онлайн режимінде өткізіледі. Қорытынды кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nazarbaev ortalygy» даму орталығында өтеді. Ақтық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етіледі.

Турнир ережесімен Нұрсұлтан Назарбаев қорының www.fnn.kz, Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz, «kimbilgish.kz» сайттарында, сонымен қатар қорлардың ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.