Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Оқушылар парағы. 6-сынып: Асқар Алтай

03.04.2019 1138

Оқушылар парағы. 6-сынып: Асқар Алтай

Асқар Алтай 1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1984).

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Тәуелсіздік жылдары жарық көрген хикаяттар

Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С.Мұқанов мұражайүйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, «Жұлдыз» журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «ЕрДәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржықаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған. 2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директоры.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ:

Толымбек Әбдірайым. Көкбөрі рухты суреткер (А.Алтай шығармашылығы туралы)

«Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001), «Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік» (2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалары, «Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Асқар Алтай прозасының сюжеттік ерекшелігі

«Қызыл бөлтірік» кітабы (повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі – грантын жеңіп алған.

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ: Асқар Алтай. Прописка


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар