Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Олжас Сәндібектің «Уәдесі» оқырманға жол тартты

27.09.2013 918

Олжас Сәндібектің «Уәдесі» оқырманға жол тартты

0244d34558aa3a54659e4d54f50a02f0.jpg

Астана. 27 қыркүйек. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивальінің лауреаты, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, лирик ақын Олжас Сәндібектің «Уәде» атты тұңғыш кітабы жарыққа шықты. 

Ақынның тырнақ алды туындысы "Мөлдір", және "Жыр" атты екі бөлімнен тұрады. Кітапта негізінен лирикалық өлеңдер топтастырылған. Өнер иесінің қаламынан туған «Сен арқылы сүйкімді мына ғалам», «Сол қызды өлердей сағындым» «Сен...», «Музыка» сынды жырлары өз оқырмандарын тапқан. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен шыққан жыр жинағы 2000 мың данамен жырсүйер қауымның қолына тимек. Кітап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен Алматыдағы «Жазушы» баспасынан шыққан.

Қайнар көз:   www.baq.kz порталы

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар