Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Серікбол Қондыбай және next-ұрпақ» Республикалық ...

20.02.2018 8059

«Серікбол Қондыбай және next-ұрпақ» Республикалық конкурсы жарияланды

«Серікбол Қондыбай және next-ұрпақ» Республикалық конкурсы жарияланды - adebiportal.kz

Ғалым-мифолог Серікбол ҚОНДЫБАЙДЫҢ 50-жылдығына арналған «Серікбол Қондыбай және келесі (next) ұрпақ» Республикалық комикс және иллюстрациялар конкурсы

Қағидасы


2018 жылы қазақ мифологиясын зерттеуші Серікбол ҚОНДЫБАЙ 50 жасқа толатын еді, ол апаттан алған жарақаты бойынша соңғы 9 жылын мүгедек арбасына таңылған күйде өткізіп, 36 жас қана өмір сүрді. Осы тән азабымен өткен тоғыз жылда Серікбол мифология, лингвистика, тарих, география ғылымдарының өзара ұштасу аймағындағы он бес том төңкерістік зерттеулерін жазып, мұраға қалдырды. Оның шығармашылық мұрасын ғалымдар да мойындады, оның шығармашылық желілері бойынша поэмалар, суреттер, пьесалар дүниеге келді. Серікболдың өзі әдебиет пен өнерде өзі реконструкциялаған дей-дей түркілік мифологиясының қазіргі көпшілікке мәлім грек, семит, герман және басқа да мифологиялар сияқты танымал болатынына сенді.

Қазіргі заманғы көпшілікке, әсіресе жастарға мәлім жанрдың бірі - комикс. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы және Шетпе ауылындағы Мемориалдық музейі өткізгелі отырған «Серікбол Қондыбай және келесі (next) ұрпақ» конкурсы 2018 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін жүргізіліп, Серікболдың өмірі мен шығармашылығын комикс формасында бір арнаға тоғыстыру, оқырман ізбасарларының жас ұрпағын қызықтыру және оларды С.Қондыбайдың ғылыми еңбектерімен таныстыру және оқуға тарту мақсатын ұстанады.

  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
  • жасөспірімдердің, жастардың және педагогтер мен суретшілердің шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігін дамыту;
  • С.Қондыбай шығармашылығы арқылы қазақ мәдениеті мен әдебиетін және мифологиясын тереңдете зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру;
  • Конкурс материалдары бойынша комикстер жинағын баспадан шығару.

  1. Конкурсқа қатысушылар:


Конкурсқа қатынасатын авторлар мен авторлық ұжымдарға жасы бойынша шектеу қойылмайды.

3. Конкурс номинациялары:

а) С. Қондыбай шығармашылығына ең үздік бейімделу.

б) Үздік авторлық сюжет.

в) Иллюстрациялар сериясы.

Ұйымдастырушылар Конкурс қорытындысын шығару кезінде қосымша номинациялар белгілеу құқын да пайдаланады.

4. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

  • Конкурстық жұмыстар өз бетінше еркін сипатта болуға тиісті.
  • Конкурстық жұмыстар таңдалған номинацияға сай болуы қажет.
  • Ұйымдастырушалар көркемдік стильдерді шектемейді.
  • Жұмыс аяқталған көркем шығарма болуы қажет. Ең көп көлемі – 15 парақ.
  • Жұмыстар саны бір автор үшін де, авторлар ұжымы үшін де шектелмейді.
  • Конкурс қағидаларына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.
  • Жіберілген конкурстық жұмыстарға пікір берілмейді және олар қайтарылмайды.


5. Жұмыстарды рәсімдеу талаптары:

Конкурстық жұмыстар ақпараттары қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда (cd-диск, флэш-карта) тікелей немесе электрондық пошта арқылы келесі пошта адрестеріне: 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасына және электрондық пошталарға konbal55@mail.ru, kultura@mangystau.gov.kz 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберіледі.

Конкурстық жұмыстарға қосымша ақпараттық (Автордың тегі, аты-жөні, жұмыс орны немесе оқу мекемесінің атауы, номинация атауы, толық үй адресі мен телефоны, электрондық поштасы көрсетілген) бетше тіркеледі.

Қосымша ақпаратты 8 778 431 4625 телефонынан алуға болады.

Электрондық суреттер –jpeg форматында, сызықтық өлшемі әрбір жағы бойынша 1-2 мың пиксель, 200 dpi болғанда 12,5 см-ден 25 см-ге дейін болуы керек.

6. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

  • Сонылығы, дара, өзіндік ерекшелігі;
  • Композициялық құрылымы;
  • Таңдалған сюжетке сәйкестігі;
  • Орындау сапасы;
  • Тақырыпты ашу толықтығы.


7. Конкурс қорытындысын шығару:

Конкурс қорытындысы 2018 жылдың сәуір айында жарияланады.

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және сыйақылармен марапатталады. Конкурс қорытындысын шығару кезінде ұйымдастырушылар қосымша номинациялар белгілей алады. Ұйымдастырушылар бір немесе бірнеше номинация бойынша жұмыстар конкурс Қағидаларына сай болмаса жеңімпаздар таңдауды өткізбеуі де мүмкін.

1 орын 1 х 300 000 = 300 000

2 орын 2 х 150 000 = 300 000

3 орын 2 х 100 000 = 200 000

Барлық жұмыстар Маңғыстау облыстық мемориалдық музейі сайтына және Otuken.kz қазақ мифологиясы сайтына қойылады. Конкурс қорытындылары бойынша комикс байқауына қатынасушылардың үздік шығармаларының жинағын шығару жоспарланған. Ұйымдастырушылар конкурстық шығармаларға авторлық құқықты сақтайды. Конкурстың үздік қатынасушылары болашақта С.Қондыбай шығармашылығын көпшілікке таратуға байланысты ірі жобаларға тартылады.

Осы Қағидада қарастырылған негізгі ұғымдар:


а) Комикс – шағын, иллюстрациялармен безендірілген кітапша немесе сәйкес жазуларымен салынған суреттер кітапшасы.

б) Иллюстрация – мәтінді түсіндіретін суреттер.

в) Иллюстрациялар сериясы – ортақ сюжетке құрылған және бір көркем шығармаға қатысты бірнеше сурет

Конкурс номинациялары:


а) С. Қондыбай шығармаларына ең үздік бейімделу.

Бұл номинацияға С.Қондыбайдың бір немесе бірнеше шығармасы бойынша комикс формасында ерекше көркем шығармалар ұсынған автор немесе авторлық ұжым қатыса алады.

Осы номинация бойынша үлгілік тақырыптар:

  • Түркі және герман мифологиясы арасындағы сюжеттік комикс («Вальгалла мен Валькирийдің, Один мен Тордың далалық нұсқасы»);
  • Әскери-мифологиялық комикс («Аждаһа - туы культі», «Ұран – ұрыстық шақыруы және рух қорғаушысын шақыруы»);
  • Ландшафт-тарихи комикс («Маңғыстаудың қасиетті орындары»);


б) Үздік авторлық сюжет.

Бұл номинацияға қатысатын авторлар мен авторлық ұжымдар комикс формасындағы конкурс идеясына сай, С.Қондыбай еңбектерімен үндесетін, өзге идеяларға және көркем шығармаларға қатыссыз ерекше көркем шығармаларын ұсына алады.

Осы номинацияға тән кейбір үлгілік тақырыптар:

  • С. Қондыбай өмірі мен шығармашылығына арналған өмірбаяндық комикстер;
  • Фантастикалық комикс («С. Қондыбай және оның шығармаларының кейіпкерлерінің 21 ғасырдағы бейнелері;
  • Реалистік комикс («С. Қондыбай шығармашылығы менің өміріме қалай әсер етті» «Серікбол Қондыбай – Қазақ мемлекеттік университетінің студенті және 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатынасушы»).


в) Иллюстрациялар сериясы.

Бұл номинацияға авторлар мен авторлық ұжымдар ерекше көркем шығармаларын С .Қондыбайдың өмірі эпизодтарына байланысты немесе оның шығармаларының мағынасына қарай иллюстрациялық сериялармен қатынаса алады.

Осы номинацияға сәйкес үлгілік тақырыптар:

  • Портреттік-сипаттамалық иллюстрациялар циклі («Арғықазақ мифологиясы: Ұлы Ана бейнесі», «Қазақ мифтері персонаждары»);
  • Пейзаждық түсіндірме иллюстрациялар циклі «Арғымергеннің адам тұрмайтын даладағы шытырман оқиғасы»)
  • Балаларға арналған иллюстрациялар циклі («Мифологиялық жануарлардың киелері және қазақ мифіндегі қасиетті жануарлар»)

С.Қондыбай шығармашылығы туралы мәліметтерді келесі адрестерден алуға болады:

http://otuken.kz/topics/serikbolkondybai/

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/4139-serikbol_qondybaj

Серікболдың кітаптарына Ақтау қаласынан тікелей және сұраныс беру арқылы тапсырыс бере аласыздар, е-пошта konbal55@mail.ru және Астанда Зира Наурзбаева поштасына zira-n@yandex.ru немесе фейсбукта тапсырыс беру арқылы алуға болады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар