Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы

Бөлісу:

10.12.2024 168

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – Қазақстандағы жетекші білім және ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі. Университет еліміздегі басты педагогикалық зерттеу орталығы мәртебесіне ие болып, Орталық Азия өңірінде академиялық көшбасшылыққа ұмтылуда. Бұл мақсатта университет ішінде маңызды ғылыми бастамалар мен жобалар іске асырылып, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына бағытталған зерттеулер саны артып келеді. Университет ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруды көздей отырып, ғылым мен білімді интеграциялауға басымдық береді.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында университетте 2016 жылы құрылған «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі жұмыс істейді. Бұл парк университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытып, жаңа технологиялар мен креативті зерттеу жобаларын қолдайды. 

Бүгінгі күні «Abai LABS» паркінің негізгі зертханалары мен орталықтарының қатарында «Латын» ғылыми-практикалық орталығыФизикадағы қолданбалы зерттеулер мен оқыту технологиялары зертханасыSTEM-ПаркГеография және экология бойынша ғылыми-әдістемелік орталықБиология бойынша Кешенді оқу-зерттеу зертханасы (БКОЗЗ)«Айтылған тарих» ғылыми лабораториясыАКТ халықаралық ғылыми зертханасыНемат Келімбетов атындағы түркітану орталығыИнновациялар және нанотехнологиялар зертханасыПедагогикалық білім беруді дамыту орталығы қатарлыларды атап айтуға болады.

Академик Ф.Ш. Оразбаева 2018 жылы университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде құрған «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркінің құрамында өз жұмысын атқарып, латын әліпбиін оқыту әдістемесін жасау барысында зертхана жаңа қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде меңгерту әдістерін әзірлеп, оны халық арасында енгізу жұмыстарын жүргізеді. Зертхана латын графикасындағы қазақ әліпбиі мен емлесін зерттеп, оны оқытудың әдістемелік негіздерін дайындайды: қыркүйек айында латын әліпбиін практикалық жақтан қамтамассыз ету мақсатында әртүрлі деңгейдегі оқу орындарынмен тәжірибе алмасты. Соның нәтижесінде еліміздің іші-сыртындағы ЖАК журналдарына «Латын әліпбиін меңгерудің заманауи әдістері», «Қазақ тіліндегі дыбыстар позициясы» қатарлы бірнеше ғылыми мақала жазылды. Ресейдегі ЖАК журналдарымен де байланыс орнатылып, «Система обучения позиции звуков казахского языка при помощи искусственного интеллекта» тақырыбында орталық қызыметкерлері бірлесіп жазған ғылыми мақала жарияланды. 

Орталық лабораторияны дамыту үшін демеушілермен жұмыс жасауды да назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Зертхананы техникамен жабдықтау үшін тиісті орындарға хат жазылып, ұсыныстар жасалды. 

Жүйелі жұмыс атқару үшін қоғамның пікірімен санаспауға болмайтыны анық. Осы негізде қазан айында түрліше деңгейде қызмет істейтін әртүрлі жастағы қоғам мүшелері арасында әлеуметтік сауалнама, сынама жұмыстар алынып, нәтижесі сарапталды. Сауалнама нәтижесінен; қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде жасаудың қоғамда қазіргі кезде ерекше сұранысқа ие екені, адамдардың латын графикасына көшуге бей-жай қарамайтыны белгілі болды. Қоғам мүшелерін латын әліпбиі мәселелері бойынша ақпараттандыру үшін, әлеуметтік желіде пікір алмасу ұйымдастырылды. Алдағы уақытта орталықтың жеке веб сайтын ашу жоспарланып отыр.

Зертхана тек зерттеу жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар эксперименттік, әдістемелік және коммерциялық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емлесін меңгерудің инновациялық нысандары мен әдістерін ұйымдастырып, сынақтан өткізу – жаңа ғылыми-инновациялық жобаларды әзірлеу үшін жағдай жасайды. Университет осы арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттырып, педагогикалық ғылымның жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етуде. 

Мағаз Ретбек

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

«Латын» ғылыми-практикалық зертханасының жетекші ғылыми қызметкері,

гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Бөлісу:

Көп оқылғандар