Айжамал Көпеева: "Сүбелі туынды болса сұғымды қадамас едім"

Бөлісу:

17.04.2015 4247

Ретбек Мағазұлы маған қаратып жазған мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Оқыдым да не күлерімді, не жыларымды білмедім. Соншама жағымпаз, таяз адам екеніңізге көзім жетті. Сіз айтып отырған «туынды» сүбелі болса, ұрлық екендігін айтып нем бар?! Тіпті тарихи ұқсастықтарына да мән бермес едім. Бірақ сөзбе-сөз ұрланған әдеби көшірмеге көз жұма алмадым. Кешіріңіз, Ретбек мырза!


Тағы да көз жүгіртіп көріңіз, көкірегіңіздің көзі бар болса:


«Зайптың қорасының шетіне жетім қос тігіліп, ...Күндіз Зайыптың бәйбішесі қостың алдына барып, арқан, жіп есіп, шүйке жасап, ешкінің жүнін түтіп деген дей қыл-қыбыр жұмыстарын істеп отыратынды тапты.(«Қасым батыр»160 -бет)»


« Зайыптың үйінің қора жағынан бір қос пайда болыпты дейді. Күндіз кемпірі қостың алдында жіп иіріп отырады екен.Сол қос тегін емес.(« Қаралы көш»106- бет)»


« - Қара қойы несі деп ойламаңыздар. Біздің босағамыздың баяғыдан келк жатқан ырым солай, жақсы көрген қонаққа көмірдей қара қойға бата жасатқызамыз,- дей салды.(«Қаралы көш»107- бет)»


«...Біздің өз бабаларымыздан тартып, көмірдей қара малды бақытқа, жақсылық жолына рымдайтын адетіміз болушы еді, ақсарбас қойдың орына біз қара қойды уәкілдік етеміз. Бұл қалайша қара қой әкелді деп қалмаңыз, мұның өзіндік мәні бар. («Қасым батыр»167,168 -бет)»


«...Таң ата сақшылар мен ел адамдарын сирағынан суырып алды:

-Өңкей тоғышарлар, жау иегіміздің астында жүрсе де көрмейміз. Қасымды құтылдырып жіберген де, оған қару беріп құтқарғанда өздеріңсіңдер, -деп байбалам салды.


Жұрт әңкі-тәңкі болып отырғанда жин залының есігі «Шарық» етіп ашылды, өңі қан сөлсіз қураған жамал дейтін ұйғыр кіріп келді.


- Қасым, Қасым келді. Қасым келіп...- деп біреу қылқындырып тұрғандай тұтыға тіл қатты.

...Абай көзі алақандай болып кетті.

-Не, не дейсің? Оттап тұрған Қасымың не?

- Қасым келді. Қасым келді, әне, әне, қуыңдар. Қатын баласын алып қашып барады.

-Қортық неме. Не деп көкіп тұрсың? Қасым келді дейсің бе? Қатыны мен баласын алып қашқанда сен айға бата жасап отырдың ба?

«-Ойбай, тақсыр не болғанын менде білмей қалдым. Атқа мінген біреу шақырып тұр деген соң сыртқа шықсам, бір атты қазақ тұр ...Тани алмай жақындай беріп едім, ...

-Қасымның әйелі мен баласы қашып бара жатыр,-деді.

- Ойбай, тоқтаңдар, тоқтаңдар!Сақшы шақырыңдар,...

-Ей, ақымақ. Одан да сақшы мекемесіне жүгір, әйтпесе басыңа пәле тауып аласың. Абайға менен сәлем айт, мен Қасыммын! - деді. («Қаралы көш»108-109 бет)»


«Жамбылдың мәжіліс залында Абай айбар шегіп топты мәнсаптыны бидайдай қурып отыр:

«- Өңшең тоңмойындар, надансыңдар оларыңмен қоймай, біріңді-бірің құтыртқан...Сендер менің қанымды ішпексіңдер маған жаусыңдар Қасымға мылтық беріп құтыртқандарың қайсың Ішінараларың Қасыммен байланыстарың бар. («Қасым батыр»178,179 - бет)»


« ...Абай қызара сөйлеп отырған дәл осы сәтте жин залының есігі Сарт етіп ашылып, үріккен ешкідей тасыраңдап Жамал дейтін ұйғыр кіріп келді. Көзі едірейіп, екі иығынан демалады. Абай оған «Не болды?» дегенде, Жамал:

«- Шаққан, дутың, Шаққан - деді қолын есікке шошайтып.

- Не болды, не?

- Қасым батыр, әйелін алып қашты! Жаңағана кетті! Дереу қуса ұстауға болады! - деді бажалақтап.

- Сен не бітірген адамсың? - деп ақырды дутың. («Қасым батыр»180 - бет)»

«-Жамалахұн бар ма? - деген дауыс бәрінің назарын аударды.

- Бар, бар, - деп Шайханадан жүгіріп шықты Жамал.

- Қасым келді деп дереу сақшыға хабарла. Олай етпесең кеселім тиеді. Біз кеттік! - деп Қасым тебініп жүріп кетті.

-Уәй, уәй!...тоқтаң, тоқтаң...деп екі қолы ербеңдеп қасымның соңынан жүгірді. («Қасым батыр»183,184 -бет)»


Міне бұл мақаланың жартысы ғана, егер Ретбек мырза сіз мақаланы толық, әрі түсініп оқығанда тайға таңба басқандай көрініп тұрған әдеби көшірулерге көз жұмбас едіңіз. Сізге айтарым «Қасым батыр» мен «Сар жұлдызды» романдарын дұрыстап оқыңыз. Романды оқымағаныңыз мақалаңыздан-ақ көрініп тұр. Ретбек мырза романды оқығанда Қасымдай батырды сатқын етіп, бұрмалағанын көрсеңіз, менің емес сіздей ерлер бірінші намысын ту көтерері анық еді ғой! Өкініштісі сіздей ақын атанып жүрген азаматтардың жеке пікірінің болмағаны ұят!


«Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» кітабы қалай жазылды?» деген мақаланы түсініп, түйсініп, ұялып оқыдым. Осы мақаланы оқып болған соң, «Қасым батыр», «Сар жұлдыз» романдарының авторы - Сағатхан Таңқайұлына хабарласып жеке пікірін сұраған болатынмын. Ендеше қысқаша шағын сұхбатымды назарыңызға ұсынамын. Оқыңыз. Бәлкім, райыңыздан қайтарсыз?!


­- Сағатхан аға, Сіз Жәди Шәкенұлының « Қаралы көш» романын оқыдыңыз ба?!


- Айналайын, Жәди бауырымның « Қаралы көш» деген романы шығыпты деп естідім. Әр біреу «Елісхан батыр» туралы деген соң, бір досымның үйінен романды сұрап алып көріп едім кириллицамен жазылғандықтан дұрыс түсіне алмадым. Өзгеріссіз жүрген өз сөзімді көріп, «бұнысы несі?!» деп ойлағаным рас.


- Мен бұл романды Жәди аға сізбен келісіп жазған ба деп ойладым? Өйткені бірге суретке түсіпсіздер, әрі «Қаралы көш» кітабы қалай жазылды деген мақалада сіздің де атыңыз бар екен...


- Әй, балам ағасы болсам сол шыққан « Қаралы көш» романын жіберер еді ғой! Дәл қазір менің қолымда ол кітап жоқ. Мен ол жігітті бір-ақ рет көрдім. «Тарихи дерек жинап жүрмін деп, жолдан сізге амандасайын деп келдім» деді. Қатты асығыс екен. Тіпті роман туралы бір ауыз сөз болған жоқ. Роман жазамын деп те айтпады. Тек естелікке суретке түскенбіз. Сол сурет болар...


- Аға, онда Жәди Шәкенұлы сіздің романыңызды көшіріп өз атынан кітап етіп шығарыпты. Нақтырақ айтсақ ұрлаған ғой... Сол туралы жазып жатырмын. «Әдебиет порталына» бір мақала жарияладым.


- Айналайын, Алла разы болсын. Жаз, жаз... Екі романды қатар қойып талда, халыққа түсінікті болсын! Менің романымды ол жақтағы қандастар білмейді. Менің романымды сол жақтың жазуымен аударып кітап қылып, не электроды нұсқасын шығуына көмек көрсет. Мен секілді кәрі адам не біледі дейсің. Интернетті де түсінбеймін ғой. Оған қалай шығаруды да білмеймін де!


- Романыңызды шығарып берем деп уәде бере алмаймын. Мен студентпін ғой аға. Аға, уақытыңызды бөліп шағын болса да сұхбат бергеніңізге мың да бір рахмет!


Айжамал Көпеева

Бөлісу:

Көп оқылғандар